Тарихы

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ  ДАҢҚТЫ ТАРИХЫ
АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТАРИХЫ 1959 ЖЫЛДАН БАСТАЛАДЫ. ГУРЬЕВ (ҚАЗІРГІ АТЫРАУ) ҚАЛАСЫНДА БҮКІЛОДАҚТЫҚ СЫРТТАЙ ОҚЫТУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚУ-КЕҢЕС БЕРУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ.  ОСЫ ОҚУ ОРНЫ ҚАЗАҚСТАНДА ЖОҒАРЫ КӘСІБИ БІЛІКТІ МАМАНДАРДЫ

  • 1959 ж. – Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында Бүкілодақтық сырттай оқыту политехникалық институтының оқу-кеңес беру пункті ашылды. Бұл Гурьевте 20 мамандық бойынша студенттер дайындаудың бастамасы болды.
  • 1978 ж. – В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының оқу-кеңес беру пункті.
  • 1980 ж. – Қазақ политехникалық институтының жалпытехникалық факультеті.
  • 1988 ж. – ҚазПТИ-дың оқу-ғылыми орталығы. ҚазПТИ оқу-ғылыми орталығына «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Автокөлік жолдарының құрылысы» мамандықтары бойынша күндізгі бөлімде оқитын екі топ 1-курсқа қабылданды (оқуды ҚазПТИ-да бітіріп шықты).
  • 1990 ж. – ҚазПТИ филиалына алғаш студенттер іріктеліп, 5 жыл бойы оқып шықты («Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Мұнай машиналары» мамандықтары).
  • 1994 ж. – Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Мұнай және газ институты.
  • 1996 ж. – Мұнай және газ институтының Атырау мемлекеттік университетімен бірігуі.
  • 1998 ж. – Атырау мұнай және газ институты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы Қаулысымен Атырау мемлекеттік университетінің құрылымынан шығарылып, дербес мемлекеттік жоғары оқу орны – Атырау мұнай және газ институты ретінде танылды.
  • 1999 ж. – Атырау мұнай және газ институты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 маусымдағы Қаулысымен ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтымен біріктірілді.
  • 2012 ж. – жоғары оқу орны «Атырау мұнай және газ институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.
  • 2016 г. – Атырау мұнай және газ институты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі Қаулысымен «Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып құрылды.

АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ БҮГІН

  • Атырау қаласындағы студенттік кампус («Вокзал маңы» шағын ауданы)
  •  Ғылыми-зерттеу кешені (Азаттық даңғылы)
  •  Профессор-оқытушылар құрамы 250 адамды құрайды, олардың ішінде ҚР ҰҒА 2 академигі,
    ҚР ҒЗА  2 академигі, 26  ғылым докторы, 95 ғылым кандидаты
  •  Студенттер контингенті – 3800 адам
  •  4 факультет
  •  13 кафедра
  •  Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасы
  •  26 мамандық
  •  Ағылшын тілді бөлім
  •  ИИДМБ-2 кеңсесі
  •  Халықаралық білім беру бағдарламалары
  •  5 оқу зертханасы
  •  9 виртуалды оқу зертханасы
  •  «Виртуалды кен орны» ерекше оқу зертханасы
  •  5 дуалды білім беру бағдарламасы
  •  Инновациялық білім беру технологиясының орталығы
  •  English CLUB
  •  Parli Italiano CLUB
  •  Студенттік басқару (президент, парламент, декандар)
  •  FOUNDATION бағдарламасы
  •  EDUCATION халықаралық білім беру көрмесі
  •  Түлектер жәрмеңкесі
  •  Каспий зерттеу институты
  •  3 ғылыми орталық
  •  5 зерттеу зертханасы
  •  18 ғылыми жоба
  •  АтМГУ Жаршысы
  •  Ғылыми-техникалық кеңес
  •  Atyrau Oil&Gas Forum
  •  17 студенттік ғылыми үйірме
  • Студенттік бизнес-инкубатор
  •  АЛЬТЕРНАТИВА студенттік стартап
  •  SPE студенттік бөлімі
  •  Ғылыми кітапхана
  •  3 оқу залы
  •  75 халықаралық әріптес ЖОО-лар
  •  85 әріптес кәсіпорын
  •  42 оқу-өндірістік тәжірибе базасы
  •  14 кәсіпорында кафедра филиалы
  •  Студенттер сарайы
  •  35 студенттік клубтар мен шығармашылық ұжымдар
  •  Кураторлық кеңес
  •  Көшбасшылар орталығы және шығармашылық орталық
  •  Түлектер қауымдастығы
  •  Студенттік театр
  •  Спорттық кешен
  •  КТК-Арена (теннис, баскетбол, волейбол, футбол, гандбол)
  •  17 спорт секциясы
  •  СҰҢҚАР спорт клубы
  •  Баскетбол кіші академиясы
  •  ҮМІТ волонтерлік корпусы
  •  Әлеуметтік-психологиялық қызмет
  •  Технологиялық музей
  •  4 мұражай
  •  Тарихи-патриоттық клуб
  •  Өлкетану клубы
  •  «СТУДЕНТТIК ӨМIР» студенттік газеті
  •  Медициналық кешен
  •  2 студенттік жатақхана
  •  Сауықтыру орталығы
  •  2 оқу-өндірістік шеберхана
  •  Асхана
  •  Буфеттер

    ИИДМБ-2 ІСКЕ АСЫРУҒА ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ

     ЖОЛ КАРТАСЫНА  УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚАТЫСУЫ

    АтМГУ ИИМДБ-2 іске асыру үшін «Мұнай-газ ісі» және «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары бойынша жоғары деңгейлі мамандарды даярлайтын қазақстандық 10 +2  жоғары оқу орындары қатарына енді 4 инновациялық зертхана жабдықталды және іске қосылды:

  • Мұнай-химия өнімдерін өндіру зертханасы
  • Ұңғыма өнімдерін жинау және дайындауға арналған зертхана
  • Виртуалды кен орны
  • Мұнай және мұнай өнімдерін зерттеу
  • АтМГУ 154 оқытушысы мен ғылыми қызметкері шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында біліктілікті жетілдіру курстарында оқып,сертификаттар алды :
  •  М. В. Ломоносов атындағы ММУ,
  • И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті,
  • Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті ,
  • Колорадо Университеті (Денвер қ., АҚШ),
  • Луизиана Университеті (Александрия және Батон Руж қ., АҚШ),
  •  Роберт Гордон университеті (Абердин қ., Шотландия),
  • Раей-Мальмезондағы Француз мұнай институты ,
  •  Химия және технология университеті (Прага қ., Чехия),
  • Скандинавия  академиялық ұтқырлық институты (Сейнайоки қ., Финляндия),
  •  EURASS академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық орталығы (Прага қ., Чехия).

ИИДМБ-2 мамандықтар мен білім беру бағдарламалары

  • «Құрлықта және теңізде мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша 5В070800 -«Мұнай және газ ісі».
    Шетелдік серіктестер: И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, УМГТУ, Луизиана мемлекеттік университеті, АҚШ
  •  «Мұнай-химия өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 5В072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы».
    Шетелдік серіктестер: И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, УМГТУ, Луизиана мемлекеттік университеті, АҚШ
  • «Ұңғыма өнімдерін өндіру және дайындау» білім беру бағдарламасы бойынша 5В070800 -«Мұнай және газ ісі».
    Шетелдік серіктестер: Ресей Халықтар достығы университеті, Тюмень индустриялық университеті, Луизиана мемлекеттік университеті, АҚШ
  • «Мұнай және газ химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 5В072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» .
    Шетелдік серіктестер: Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институты (техникалық университет), УМГТУ