Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты енгізудің мақсаты мен міндеттері

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңына және ҚР БҒМ «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жоғары оқу орындарымен алдын алу шараларын әзірлеу мен қабылдау бойынша әдістемелік ұсынымдарына» сәйкес әзірленді. 

 

  • Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ (бұдан әрі – АтМГУ) қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жолын кесу және алдын алуға бағытталған АтМГУ-нің нормативті құжаты болып табылады. 
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – АтМГУ-нің қызметіне қоғамның сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтуға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастыру шаралары.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты АтМГУ енгізудің негізгі мақсаттары:
  • сыбайлас жемқорлық әрекетіне жоғары оқу орнының араласу тәуекелін азайту;
  • сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түрлері мен көріністері туралы АтМГУ қызметкерлерінің атқаратын лауазымына қарамастан біркелкі түсіну саясатын қалыптастыру;                    
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы АтМГУ қолданатын Қазақстан Республикасының негізгі заңнама талаптарын түсіндіру және қорыту;
  • алға қойған мақсаттарға жету үшін  АтМГУ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың келесі міндеттері бекітіледі:
  • АтМГУ қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі қағидаларын белгілеу;   
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты  жүзеге асыруға жауапты АтМГУ лауазымды тұлғаларын анықтау; 
  • АтМГУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырылған шаралар, стандарттар мен рәсімдердің тізбесі мен олардың орындалу тәртібін белгілеу;  
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат талаптарын сақтамағаны үшін АтМГУ қызметкерлерінің жауапкершілігін бекіту.

2. АтМГУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің негізгі қағидалары

2.1. АтМГУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жүйесі келесі қағидаларға негізделеді: 

1) Қолданыстағы заңнама мен жалпы қабылданған нормаларға АтМГУ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының сәйкестік қағидасы: жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың Қазақстан Республикасы Конституциясын,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ҚР Заңын және Жоғары оқу орындары қолданатын өзге де нормативті актілер.    

2) АтМГУ басшылығының  жеке үлгісінің қағидасы: АтМГУ басшылығы өздері үлгі көрсете отырып, сыбайлас жемқорлықтың барлық деңгейі мен кез келген түрлеріне ымырасыз қатынастың этикалық стандартын қалыптастыруы тиіс.

3) ПОҚ мен қызметкерлерінің қатысу қағидасы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен рәсімдерді жүзеге асыру мен қалыптастыруда ПОҚ мен қызметкерлерінің лауазымдарына қарамай белсенді қатысу.   

4) Нөлдік төзімділік қағидасы: АтМГУ-де сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрлері мен көріністерін болдырмау.

5) Тәуекелдерді кезеңдік бағалау қағидаттары: АтМГУ-де кезеңдік негізде АтМГУ тұтастай алғанда және оның жекелеген бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және анықтау жүзеге асырылады.

6) Ашықтық қағидаты: АтМГУ-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүргізілгендігі туралы хабарлау. 

7) Жауаптылық  және жазаның қолданылмай қалмайтындық қағидаты: еңбек міндеттерін орындау кезінде олардың тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болған жағдайда, атқаратын лауазымына, еңбек өтіліне қарамастан АтМГУ қызметкерлері үшін жазаның қолданылмай қалмайтындығы; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда басшылықтың жауапкершілігі.   

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға жауапты тұлға

3.1. АтМГУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған барлық шараларды ұйымдастыруға жауапты тұлға АтМГУ ректорының бұйрығымен тағайындалады.

3.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға жауапты тұлғаның негізгі міндеттері:

  • АтМГУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін ұсыныстар дайындау; 
  • АтМГУ-де сыбайлас жемқорлықтың туындау тәуекелін туғызатын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған ұсыныстарды дайындау;          
  • сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыруға бағытталған нормативті актілердің жобасын әзірлеу және АтМГУ Ғылыми кеңесіне бекітуге ұсыну;
  • АтМГУ қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға бағытталған шараларды жүргізу;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен оның алдын алу мәселелері бойынша оқыту шараларын ұйымдастыру; 
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен оның алдын алу мәселелері бойынша АтМГУ қызметіне инспекциялық тексеру жүргізу кезінде құқық қорғау органдары мен  бақылау-қадағалаудың уәкілетті өкілдеріне көмек көрсету;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатты ұйымдастыруға қатысу;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс нәтижелерін бағалауды жүргізу және тиісті есеп материалдарын дайындау.  

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен алдын алуға байланысты АтМГУ қызметкерлерінің атқаратын міндеттері:  

АтМГУ-нің барлық қызметкерлері лауазымы мен еңбек өтіліне қарамастан өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты атқаратын міндеттері: 

  • осы Саясаттың ережелерін басшылыққа алуға және оның қағидалары мен талаптарын бұлжытпай сақтауға; 
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасауға қатысуға немесе жасауға дайын болуы мүмкін деген пікірден аулақ болуға.  

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар:

5.1. АтМГУ-нің осы Саясатына қосымша ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың өткізілетін мерзімі мен жауапты орындаушылары көрсетілген Жоспар жыл сайын бекітіледі.

5.2. АтМГУ қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп стандарттарын енгізу мақсатында қызметкерлердің адал этикасын қалыптастыруға бағытталған және іскерлік қатынастар этикасына қатысты қызметкерлердің тәртіп қағидалары мен жалпы ережесі бекітіледі.    

АтМГУ ректорымен бекітілген жалпы ережелер мен тәртіп қағидалары АтМГУ педагогикалық қызметкерлерінің қызметтік тәртібі пен Этика Кодексінде бекітілген. 

5.3.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір элементі сыбайлас жемқорлық саясатын бағалау болып табылады. Сыбайлас жемқорлық саясатын бағалау мақсаты – жеке пайда табу мақсатында АтМГУ қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жоғары тәуекелін жүзеге асыру кезінде АтМГУ қызметінде нақты амалдарды анықтау болып табылады. 

5.4. АтМГУ-де қызметкерлер келесі тақырыптар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын алу мәселелері бойынша  оқытылуы тиіс:

  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды жауапкершілік;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша АтМГУ-нің ішкі құжаттарымен, заңнама талаптарымен және оны АтМГУ қызметінде қолдану тәртіптерімен танысу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы және оның алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен өзара әрекеті. 

5.5. АтМГУ-де ішкі бақылаудың жүзеге асуы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуға және анықтауға ықпал етеді. Бұл ретте АтМГУ-нің жергілікті нормативті актілері мен нормативті құқықтық акті талаптарына АтМГУ қызметінің сәйкестігін қамтамасыз ету ретінде ішкі бақылау және аудит жүйе міндеттерін жүзеге асыруды ұсынады. 

5.6. АтМГУ серіктестермен өзара әрекеті кезінде жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жүргізу стандарттарын қабылдау туралы, соның ішінде келісімшартта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтаудың белгілі бір ережелерін қосу мүмкіндігін хабарлайды. АтМГУ ұжымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға қатысатын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жеке шараларды жүзеге асыратын, бизнес жүргізу кезінде жоғары этикалық стандарттарға қолдау көрсететін, өз беделіне қамқорлықпен қарайтын, іскерлік қарым-қатынасты адал және әділ мәнерде жүргізетін серіктестермен іскерлік қарым-қатынастарды орнатуға және сақтауға ұмтылады. 

5.7. АтМГУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды енгізу дәрежесі мен жүзеге асыруда жеткен жетістіктер туралы қоғамды, соның ішінде Интернет желісінің ресми сайтында тиісті мәліметтерді орналастыру арқылы ақпараттындыруды жүзеге асырады.  

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау жауапкершілігі

6.1. АтМГУ және оның барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауы тиіс. 

6.2. АтМГУ барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген осы Саясат талаптары мен қағидаларын сақтауға жауапты болады. 

6.3. Осы Саясат талаптарын бұзған тұлғалар тәртіптік, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.