Жастарға арналған бизнес-фестиваль АтМГУ-да өтті

British Council (Британдық кеңес) «Шеврон» компаниясымен, Атырау облыстық әкімдігімен және Атырау мұнай және газ университетімен серіктестікте «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасын жүзеге асыруда. Осыған орай, 2019 жылдың 18 мамыр күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде жастарға арналған жыл сайынғы үшінші «Самғау» бизнес-фестивалі өтті.

«Самғау» фестивалінің мақсаты – мектеп оқушылары мен студенттердің арасында кәсіпкерлікті насихаттау және олардың кәсіпкерлік машықтарын жаттықтырып, тартымды әрі қызғылықты түрде дамытуына мүмкіндік беру.

Аталған фестиваль кезінде қатысушылар түрлі жүлделі конкурстарға, бизнес-ойындарға қатысып, бизнес жүргізудің сан алуан қырлары туралы табысты кәсіпкерлердің әңгімелерін тыңдау мүмкіндігіне де ие болды.

«Самғау» бизнес-фестивалінің өткізілуіне негіз болған «I-SEED Атырау» жобасы – жастардың табысты мансап құруы және белсенді азаматтық ұстанымын дамытуы үшін қажетті білімі мен машықтарын жетілдіруде қолдау көрсету мақсатында 2017 жылдан бастап іске асып келеді. Алғашқы екі фестиваль 2017 және 2018 жылдары өтіп, оларға 700-ге тарта жастар қатысты. бұдан бұрын I-SEED Алматы және Астана қалаларында 2013 жылдан бастап 5 жыл бойына сәтті өтіп келеді.

«Шеврон» компаниясы осы жобаны жүзеге асыра отырып Атырау қаласының 1600-ден астам оқушылары мен студенттерін кәсіпкерлікке оқытып, қала жастарының дамуына қолдауын білдіреді. Сондай-ақ жастар Хакатон, Стартап-батл, нетворкинг және түрлі фестиваль жобалары аясында өткізілетін іс-шараларға қатысады. «Самғау» бизнес-фестивалі жастарға өз ойларын ортаға салып, басқа да бизнес-идеяларымен танысуға мүмкіндік береді. Олар бизнес-ойындар мен квесттерге қатысып, табысты мансап құруды үйреніп, болашақта өз ісін жүргізу үшін іскерлік және өмірлік дағдыларын дамытады.