Мамандығы/бағдарлама

Үйретуден жалықпайтын бірегей кәсіби мамандардан білім алу.

Атырау мұнай және газ университетінің ректоры, профессор А.А. Абишевтың бастамасы бойынша 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесінде алғаш рет «Полигон» тәжірибелік оқу-білім беру бағдарламасы жүзеге аса бастады. 

Бағдарлама мақсаты – АтМГУ оқу үдерісіне дуалды оқытуды енгізу. «Полигон» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Атырау мұнай және газ университетінде оқу-өндірістік полигон құрылды.

АтМГУ-нің құрылымдық бөлімшесі ретінде оқу-өндірістік полигонның негізгі міндеттері:

  • Кен орындарын игеру,  ұңғымаларды пайдалану, ұңғымалық өнімді дайындау және жинау, тасымалдауды қоса, барлық өндірістік процестің нақты режимінде ұйымдастыру жолымен мұнай-газ саласы үшін мамандарды жоғары сапалы даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ету.
  • Студенттерге аудиториялық теориялық білімнен оқу-өндірістік полигондағы өндірістік кезеңге көшу мүмкіндігін ұсыну; студенттерге өндірістік жабдықтарда жұмыс жасаудың тәжірибелік дағдыларын меңгерту; білім беру бағдарламаларының мазмұнын жүйелі түрде жаңарту және оқыту әдістерін жетілдіру.

     

060027 Қазақстан Республикасы

Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 45а

Атырау мұнай және газ университеті

Дуалды оқыту факультеті 

8 (7122) 36-56-21