Кәсіби біліктілікті арттыру және қайта даярлау

 МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ - «МҰНАЙШЫ» 

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығының қызметі:

● Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру және жаңа құзыреттіліктерді арттыру мақсатында  қайта даярлау;

● Қолда бар біліктілік шеңберінде мұнай-газ компаниялары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру.

Біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағыттары:
 

1. Геологияның мұнай өндірісі бойынша дәрістер курсы.

2. Кәсіби білітілігін арттыру және қайта даярлау  төмендегідей мамандықтар үшін:

- Мұнай және газ өндіру жөніндегі операторлар;

  - Ұңғымаларды ағымдағы күрделі жөндеу жөніндегі операторлар;

 - ұңғымаларды зерттеу бойынша операторларға;

3. Бейімдік білімі жоқ мұнай-газ компанияларының қызметкерлері үшін мұнай кәсіпшілігі бойынша лекциялардың шолу курсы

Біліктілікті арттыру бағдарламалары белгіленген біліктілік талаптары, кәсіптік стандарттар және орта кәсіптік және жоғары білім берудің тиісті мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптары негізінде әзірленді.

Тыңдаушылар санаты

Кәсіпорында  тікелей жұмыс істейтін мұнай-газ компанияларының қызметкерлерімен қатар, біз кәсіби өсуі мен жеке дамуына мүдделі жеке тыңдаушылардың (мамандардың, кәсіпкерлердің, студенттердің, магистранттардың) біліктілігін арттырудан өтуге шақырамыз.

КБЖжҚД орталығының кадрлық әлеуеті:

Оқытуды жүргізетіндер:

 ● Атырау мұнай және газ университетінің, сондай-ақ ҚР басқа да жоғары оқу орындарының, ҒЗИ жетекші профессорлары мен доценттері

● Шетелдік серіктес ЖОО ғалымдары

● Мұнай-газ компанияларының жетекші мамандары

Орталықтың материалдық-техникалық базасы:

Орталықтың оқу – зертханалық базасы қазіргі заманғы "виртуалды кен орны" кешенін, жер асты гидромеханикасы, газлифт, ШГН, ұңғымалар мен ұңғымалық сорғыларды зерттеу бойынша оқу стенділерін, бұрғылау және ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша тренажер-имитаторларды, электрондық оқыту материалдарын, компьютерлік кластары мен интерактивті тақталары бар бейнетехниканы қамтиды.

Орталық тыңдаушылары Атырау мұнай және газ университетінің кітапханасын пайдалана алады.

Оқу мерзімі бағдарламасымен анықталады және біліктілігін арттыру туралы келісім-шарт жасақталады.

Оқу аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.

БАЙЛАНЫС

060027 Атырау қ.,

Сафи Өтебаев атындағы "Атырау мұнай және газ университеті" КеАҚ,

Баймұханов көшесі, 45а, № 2 оқу ғимараты, № 102 кабинет

Телефондар: 8(7122) 36-01-35, +7 701 3878051

Эл.мекен-жайы: [email protected]