Еріктілер еркін әңгімелесті

2019 жылдың 25 қараша күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Студенттер сарайында оқу орнының белсенді жастары жиналды. Кездесу «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» Жастар қанатының қолдауымен Республикалық «Еріктілер лигасы» ҚҚ төрайымы Айсұлу Ерниязованың қатысуына орай өтті. Кездесу барысында аталған қордың жетекшісі Айсұлу Ерниязова жастармен еркін түрде әңгімелесе отырып, еріктілердің қоғамдағы рөлі мен маңызы, атқаратын қызметі, қызығы мен қиындығы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ студенттерге еріктілер құрамында жүруге қандай себептер әсер еткені жайында сұрақтар қойып, кездесу барысын жандандыра түсті.