СТИПЕНДИАТТАРҒА арналған ақпарат

СТИПЕНДИАТТАРҒА арналған ақпарат

Қысқы және жазғы сессия қорытындысы бойынша жылына екі рет KAZENERGY Білім беру бағдарламасы стипендиаттарының үлгерімін бақылау жүзеге асырылады. Осыған байланысты әр стипендиат сессияны тапсырғаннан кейін 1 ақпанға және тиісінше 25 тамызға дейін  электронды мекенжайына транскриптті не ведомостан көшірме үзіндіні ұсыну қажет.

Сафи Өтебаев атындағы «ШЕВРОН» компаниясының стипендиясын тағайындау үшін ҮМІТКЕРЛЕРГЕ арналған ақпарат

KAZENERGY білім беру бағдарламасы және «ШЕВРОН» компаниясы 2017 жылы 10 жылдық ынтымақтастығына орай және Қазақстан Республикасының көрнекті мұнайшысына тиісті құрмет көрсете отырып, Сафи Өтебаев атындағы «ШЕВРОН» компаниясының стипендиясын тағайындау туралы жариялады.


Өтебаев Сафи Өтебайұлы жөнінде ақпарат

utebaev3.jpg
  • 1909 жылы 25 мамырда Гурьев облысының Қарабатау ауылында дүниеге келді.
  • 1935 жылы Баку мұнай институтын аяқтады.
  • 1936-1945 жж. – 1936-1945 жж. "Мақат" ,"Құлсары", "Комсомол" МӨБ-ның бастығы, инженер, "Ембімұнай" тресінің бас инженері.
  • 1945-1951 жж. Қазақстан КП Жылықос аудандық комитетінің бірінші хатшысы
  • 1951-1957 жж. Гурьев қаласындағы "Қазақстанмұнай" бірлестігінің бастығы.
  • 1957-1965 жж. Батыс Қазақстан және Гурьев облыстары кеңесхалшаруашылығы төрағасы.
  • 1965-1971 жж. Шевченко қаласындағы "Қазақстанмұнай" бірлестігінің бастығы.
  • 1971-1980 жж. Мемжоспар техникалық ақпараттар ҒЗИ директорының орынбасары.
  • 1980 жылдан бері дербес зейнеткер.

Ленин, Октябрь революциясы, 2- дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Отан","Еңбек Қызыл Ту" (екі рет), 1-дәрежелі "Барс" (2004) ордендерімен, КССР-дің Құрметті мұнайшы медальдарымен марапатталған.

ҚазССР ғылым және техникаға еңбегі сіңген қайраткер.

Ақтау, Атырау қалалары, Жылықос ауданының құрметті азаматы.

Құлсары, Комсомол, Кеңқияқ, Қаратон, Мұнайлы, Жетібай, Өзен, Прорва, Теңіз мұнай кен орындарын алғашқы ашушы.

Мұнай өнеркәсібін дамыту жөніндегі басылып шыққан 30 астам еңбектердің, қазақ тіліндегі екі естеліктер кітабының авторы.

2007 жылы 12 сәуірде қайтыс болды.

«KAZENERGY білім беру бағдарламасы» жобасына қатысу мәселелері бойынша бағдарлама үйлестірушісі Кравченко Розаға хабарласуға болады: тел. +7 7172 79 49 75, Е-mail: