«Семей ядролық полигоны: тарихы, сынағы, зардабы» атты дөңгелек үстел жұмысы өтті

2019 жылдың 27 қыркүйек күні Жастар ісі комитетінің көшбасшы студенттері Семей ядролық полигонының 70 жылдығына орай «Семей ядролық полигоны: тарихы, сынағы, зардабы» атты дөңгелек үстел жұмысын ұйымдастырып, өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Б.С.Нығметов, сондай-ақ кафедра оқытушылары, Жастар ісі комитетінің белсенділері мен университеттің білім алушы студенттері қатысты.  

Жиын кезінде Жастар ісі комитетінің жетекшісі А.Х.Имандосов алғы сөзінде Отанымыздың тарихын, оның негізгі кезеңдері мен тарихи маңызы бар күндерін насихаттау және жастар арасында патриотизмді дамыту мақсатында өткізілген іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Өз сөзінде ол бұл тақырып қазіргі заманғы саясаттың призмасында өте маңызды екенін, онда жедел саяси амбициялар үшін әлемдік тәртіп пен халықаралық қауіпсіздікке қауіп төнетінін атап өтті. Сондай-ақ полигон әрекетінің салдары әлі күнге дейін өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер ететінін айтып кетті. 29 тамыз ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күрес күні ретінде атап өтіліп келеді. Бұл біздің Тұңғыш Президентіміз – Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі болып табылады. 1949-1989 жылдар аралығында жүргізілген, халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға әсер еткен ядролық сынақтар тоқтатылды.

Біздің спикерлер: Серікқали Айгерім, Жанұзақов Нұрсұлтан, Құбашева Дильназ, Қиясов Пернебек өз сөздерінде қатысушыларға ядролық полигонның құрылу тарихы, сынақтары және 40 жыл бойы қазақ халқының мүддесі ескерілмегені туралы айтып берді. Ядролық жарылыстардың салдары қазақ халқы үшін ауыр сынақ болды. Сондай-ақ, Қазақстанның жаңа тарихындағы «Невада-Семей» қозғалысының тарихи маңызы мен орны анықталды.

Дөңгелек үстел жұмысын «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Б.С.Нығметов аяқтап, барлық қатысушыларға ризашылығын білдірді және жастарға Отанымыздың тарихын барынша белсенді зерттей отырып, ЖОО-ның, өңіріміздің, еліміздің қоғамдық өміріне белсенді араласуға шақырып, өзінің ағалық тілегін білдірді.