Шетелдік ғалымдардың дәрісі.

Атырау мұнай және газ университетінің "Мұнай-газ факультеті" студенттеріне Ресей Федерациясы Қазан Мемлекеттік университетінің (Татарстан) геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Плотникова Ирина Николаевнаның дәрісі өткізілді. АтМГУ-ға ғалым И.Н.Плотникова ҚР БҒМ «ҚР жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту» бағдарламасы аясында келді. Шетелдік ғалымның студенттерге дәрісі ҚазГБҒЗИ базасындағы АтМГУ «Геология және геофизика» кафедрасының филиалында өтті.