Факультетаралық волейбол сайысы

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері тек білім мен ғылымды дамыту жағына ғана емес, сонымен қатар шығармашылық қабілеттері мен спорт жағына да көп көңіл бөледі. Біздің университетте студенттердің бос уақыттарын тиімді пайдалануда спорттық секциялар мен шығармашылық клубтары жұмыс жасауда.

2019 жылдың 11 сәуір күні АтМГУ Спорт кешенінде университет факультеттері арасында волейболдан сайыс өтті. Жарыс АтМГУ Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің министрі Ғилымов Айбектің ұйымдастыруымен өткізілген болатын.

Волейбол сайысына барлығы 6 команда қатысты. Олар: «Барс», «Достық», «Сәулетші», Индустриалды-технологиялық, Мұнай-газ және Экономика, бизнес және ақпараттық технологиялар факультетінен құралған командалар.

Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды «Барс» командасы, ІІ орынды «Достық» командасы иеленсе, жүлделі І орынға Индустриялды-технологиялық факультеті командасы ие болды.

Жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта тек жеңістер тілейміз!