Ұлттық жобалар басқармасының басшысы серпіндіктермен кездесті

2018 жылдың 5 желтоқсан күні Атырау мұнай және газ университетіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы Ұлттық жобалар басқармасының басшысы Сағиева Айгүл Хасенқызы келіп, университеттегі  «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алушы 1-4 курс студент жастармен кездесті.

Мақсаты – серпіндіктердің оқу үдерісі, диплом алды практикасы, жатақханамен қамтылуы, биылғы шығатын серпіндік алғашқы түлектердің жұмыспен қамтылу мәселесін талқылау, әлеуметтік жағдайларымен  танысу.

Студенттер сарайында өткен кездесуде АтМГУ Стратегиялық даму және көшбасшылық жөніндегі проректор т.ғ.к., доцент Е.Т.Нұрпейсов жалпы университеттегі серпін студенттері туралы қысқаша ақпарат берді. Одан кейін студент жастар өздерін толғандырған мәселелер жөнінде сұрақтар қойды. Студент жастардың сұрақтары негізінен дуалды білім беру бағдарламасы, академиялық ұтқырлық бағдарламасы, диплом алды практика, болашақта түлектердің жұмыспен қамтылуы бағытында болды. Серпіндік студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға Айгүл Хасенқызы мен Ербол Темірғалиұлы толық жауап берді. Жиын соңында сөз алған Серпін сардары ОЗХТ-15 қ/т студенті Базарбек Серік өз достарына алдымен білім жолында ізденуді тапсырды. Жастарға үкімет пен оқу орны тарапынан берілген мүмкіндіктерді дұрыс бағалай біліп, «Маған оқу орны немесе осы бағдарлама не береді емес, мен керісінше өзім не бере аламын, қолымнан не келеді?!»-деген сұрақтар төңірегінде жұмыстану қажеттігін ескертті.

Оқу орны тарапынан жасалып отырған шаралар бізге толық білім алып, жан-жақты тұлға болып қалыптасуға бар мүмкіндікті жасағанын жеткізді.

Кездесу соңында Айгүл Хасенқызы АтМГУ студенттік жатахқанасын студенттермен бірге аралап, студент жастардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын барлады.