АтМГУ профессорлық-оқытушылар құрамының жетістігі

2018 жылдың 1 маусымында өткен «АтМГУ» КеАҚ Ғылыми кеңесінің мәжілісінде профессорлық-оқытушылар құрамы марапатталды.

1. Кітапхана директоры Төлепова Тұрсын Бақтығалиқызын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттау.

2. 2-ші халықаралық Атырау марафонында шеберлік көрсеткен АтМГУ дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессоры Қазиев Асқарды медальмен марапаттау.

3. Атырау қаласының 3000 тұрғыны қатысқан 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден шеберлік көрсеткен АтМГУ дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Серікқали Хайруллинді медальмен марапаттау.

4. ҚР «Астана» велоспорт командасының бас жаттықтырушысы, Олимпиада чемпионы Алекандр Винокуровтың ұйымдастыруымен және қатысуымен өткен қайырымдылық веложарысында шеберлік көрсеткен Атырау мұнай және газ университеті велокомандасының жаттықтырушысы, дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессоры Қазиев Асқарды медальмен марапаттау.

5. «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор А.А. Абишев «Электрэнергетика» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиадаға АтМГУ студенттерінің белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Құттықтаймыз!!!