Білімді сынға салар уақыт

Ұлы да дана Абай ақын: «Ақыл сенбейтін іске сенбе, ондай іске кіріспе, әуелі білім, ғылым, өнер жолын таңдап алып, естілерден үлгі ал, еңбекпен ғана мал тап» деп жол сілтейді. Осы ұстанымды берік ұстану жастарға міндет болуы тиіс.

Себебі студенттер үшін ең жауапты кезең – қысқы емтихан тапсырар уақыт та келіп жетті. Бұл уақыт «Оқу инемен құдық қазғандай» деп, кітап пен лекцияларын оқумен, кітапхана мен интернет желісінде ізденіп жинаған білімдерін сынап, еткен еңбектің жемісін «еңбек етсең емерсің»  дегендей нәтижесін көретін шақ. Студент болған адам түсінер, жүрегіңді қолыңа алып, қандай билет түсерін білмей дал боларсың. Алдымен, студенттер емтихандар үшін оқып жүрмегеніңізді түсінуіңіз керек. Сіз өз ісіңіздің маманы болуға тырысыңыз. Сессия екінші орынға ілігіп, бірінші орында алған біліміңізді қолданып білу мүмкіндігі тұруы тиіс. Сондықтан, білу керек, түбінде білім мен ғылымды игерген жан ғана жетістікке анық жетеді. Оның алар асуы да, бағындырар белесі де оңай болмақ.

Міне, қыстың аязды желтоқсаны да  біздің оқу орнымыз үшін жауапты кезеңдердің бірі болып саналады. 19 желтоқсан күні басталған қысқы емтихан әлі де жалғасын табуда. Білімдерін сынға салған университет студенттері мен магистранттарының емтихандарын өткізуде университеттің әр корпустарында арнайы аудиториялар жасақталып, әр аудиторияға кезекшілер тағайындалды.

АтМГУ-ң барлық емтихан тапсырушы студенттері мен магистранттарына білімдерін сынау жолында үлкен сәттіліктер тілейміз!