Еске алып ескірмес күндер елесін...

«Ер бақыты – ел қолында, ел бақыты – ерлер қолында» - деп батыр ағамыз Б.Момышұлы айтып кеткендей, батырларымыз сұрапыл соғысты басынан өткере жүріп, біздің бүгінгі күнімізге бейбітшілік, тыныштық, береке мен бақыт орнатып кетті. Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, өшпес ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер-қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болған майдангер аталарымыз бен апаларымыздың есімдері еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында мәңгілікке алтын әріппен жазылып қалды.

Бүгін де осынау қасиетті де қастерлі 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ұжымы ұрпақ үшін жанын беріп, қасық қаны қалғанша айқасқан ата-бабаларымыздың ерлігін жастарға үлгі-өнеге ету мақсатында еске алып, Жеңіс күнінде мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.