Білім беру бағдарламалары да үздіктер қатарында

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік – рейтинг агенттігі Қазақстан ЖОО білім беру бағдарламаларының 2019 жылғы рейтингін жүргізген болатын. Аталған  рейтингіне Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 5 білім беру бағдарламасы енген болатын. Ал «5В070600 – Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау» білім беру бағдарламасы жүлделі 2-орынға ие болып, сертификатпен марапатталды. Атап өтсек:

  1. «5В072100 – Автоматтандыру және басқару» бағдарламасы бойынша 7-ші орын;
  2. «5В070600 – Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау» бағдарламасы бойынша 2-ші орын;
  3. «5В070800 – Мұнай-газ ісі» бағдарламасы бойынша 4-ші орын;
  4. «5В071800 – Электроэнергетика» бағдарламасы бойынша 8-ші орын;
  5. «5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» бағдарламасы бойынша 5-ші орын.