ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

 

                                                             

    

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті студенттер, ата-аналар және әріптестер!

Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерекесі аясында «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ базасында 1қыркүйек күні өтетін мерекелік шараларға қатысуға шақырамыз.

1. Отандық мұнай өнеркәсібінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО-ның құрметті мұнайшысы, Қазақ КСР Ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткер Сафи Өтебаевтың 110 жылдық меретойы аясында университеттің студенттік кампусындағы Мұнай ата ескерткішінің салтанатты ашылуы. Өтетін орны және уақыты: №2 ғимарат алды, сағат 10.00.
2. Мұнай-газ факультеті ғимаратында ашылған С.Өтебаев музейін аралау. Өтетін орны және уақыты: Мұнай-газ факультеті ғимараты, сағат 11.00.
3. Бірінші қыркүйек «Білім күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын. Өтетін орны және уақыты: Студенттер сарайы, сағат 12.00.
4. «Қазақстан мұнайы: өткені, бүгіні және болашағы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Өтетін орны және уақыты: Азаттық даңғылы, №1 оқу ғимараты, екінші қатар, сағат 14.00.

КЕЛІҢІЗДЕР!          КӨРІҢІЗДЕР!