Кафедрадағы студенттік таныстырылым

2 қараша күні университетіміздің Студенттер сарайында «Химия және химиялық технология» кафедрасы «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 4 курс студенттерінің төменгі бірінші курс студенттерімен танысу кеші өтті. Шара мақсаты – бірінші курстықтардың 4 жылғы студенттік өмірлерін мәнді де сәнді өткізу үшін мамандық студенттерінің ұйымшылдығын, жауапкершілігін арттыру, кафедра дәстүрін жалғастыру және кафедраның профессорлық-оқытушы құрамымен бірінші курс студенттерін жақын таныстыру, төменгі курс студенттерін таныстыру.

Шараны кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Э.Б. Жүнісова ашып, өз сөзінде жаңа өмірге – университет өміріне қадам басқан 1 курс студенттеріне оқуда сәттілік тілеп, ақ ниетін білдірді.

Шара барысында 1-курс студенттері жеке өздерінің топтарын әр түрлі бағытта таныстырды.

Аталған шарада белсенділік танытып, ұйымдастыру ісін жүргізген 4-курс және 2-3 курстың студенттері шара кезінде студенттер мен оқытушылар арасында түрлі қызықты ойындар ойнатып, келген қонақтардың уақытын жақсы өткізулеріне бір кісідей атсалысты. Шара соңында жыл сайынғы университеттің дәстүрі бойынша 4-курс студенттері 1-курс студенттеріне кафедра байрағын табыстады.