Пікірсайыс алаңындағы жеңіс тағы да АтМГУ-да

Дебат-ойталқы немесе адамның сөз шеберлігі арқылы өз пікірінің анықтығын, дұрыстығын дәлелдер келтіре отырып түсіндіретін пікірсайыс. Замануи қоғамда көшбасшы бойында жүйелі ойды қысқа на нақты жеткізе білу қабілеттің болғандығы дұрыс. Өмірге, қоршаған ортаға сыни көзбен қарап, оның дамуына өзіндік үлес қосуға итермелейтін күштің бірі осы пікірсайыс деп айтуға да болады.

Ағымдағы жылдың 5 қазан күні Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының @zhasorta қолдауымен, "Жеті Жарғы" қоғамдық қоры @jetijargy ұйымдастыруымен жастар арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Аталған турнирге Атырау облысы бойынша 16 команда, 32 спикер қатысты. Оның ішінде гуманитарлық, педагогикалық бағыттағы жастар көптеп қатысты. Жастар жылына орай ұйымдастырылған жастар арасындағы облыстық пікірсайыс турнирінде "Ғибрат" студенттік пікір-сайыс клубының жетекшісі Мұхамбетқали Санжар АжБ-17 орыс тобының студенті біздің жоғарғы оқу орны тарихында тұңғыш рет жеке есепте 7-ші рет және жалпы командалық есепте 9 рет пікір-сайыс бойынша облыс кубогінің иегері атанды. Айта кету керек, Санжар орыс тобында оқыса да мемлекеттік тілдегі пікірсайыста алдына жан салмай, нағыз шебер екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Студентімізді жеңісімен құттықтай отырып, алар асуы биік болғай дейміз.!!! АЛҒА, САНЖАР!