Ұстаз бен шәкірттің жеңісі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылдың 5 қазан күнгі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялап, осыған орай еліміздегі жастарды барлық қырынан қолдауды тапсырған болатын.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде жастарды жан-жақты қолдау және дамыту бағытында түрлі жұмыстар жүргізілуде. Университет жас ғалымдарды ғылыми қызметке мейлінше көбірек тартуға тырысады.

Осыған орай, университетіміз қуанышты жаңалықпен толықты. Магистрантымыз Сәрсенов Наурызбай Мұратұлы Мәскеу (Ресей) қаласында өткен «Білім сапасы – 2018» І Халықаралық біріншіліктің финалында жүлделі 1-ші орынға ие болды. Аталған сайыста Н.Сәрсенов «Энерготиімді Атырау қаласы – энергия үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыру механизмін әзірлеу» тақырыбы бойынша конкурстық жұмысын ұсынды. Сонымен қатар Н.Сәрсеновтің жетекшісі С.Өтебаев атындағы АтМГУ «Электроэнергетика» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Владимир Александрович Яшковті үздік ғылыми жетекші ретінде мойындап, I орын грамотасымен марапаттады.

Магистрантымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, сарқылмайтын күш-қуат, ғылымға деген сөнбес қызығушылық, барлық бастамаларына сәттілік тілейміз. Қоржыныңыз жетістіктер мен жеңістерге тола берсін!