Рухани өнерді дәріптеудегі жеңіс

Мəңгілік ел идеясын жүзеге асырудың ең негізгі міндеттерінің бірі мəдениет пен өнердің күре тамыры болып табылатын ұлттық өнерімізді ұрпақтар сабақтастығы арқылы жалғастыру, өткен тарихымыз бен бүгінімізді саралау, болашақ ұрпаққа аманат ету.

Осы бағытта Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті  жанынан  құрылған «Жалын» студенттік театры  өз көрерменін тапқан шығармашыл топ. Театр құрылғанына 2-3 жыл болса да, өздерін кәсіби шеберлігі мен икемділігі, шығармашылық табыстары мен рухани өнерлері жағынан өздерін өзгелерге мойындата білді және талай шығармашылық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. 

Сәуір айында  Өскемен қаласында «Жастар жылы» аясында Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын іске асыру мақсатында өткізілген республикалық «Ұлы өнер – ұлт жаңғыруы» атты студенттік театрлар фестиваліне жоғары дәрежелі дайындықтарымен қатысты. Аталған фестивалға республикамыздың түкпір-түкпірінен келген студенттік жастардан құрылған 12 команда қатысты.  Осы сайыста АтМГУ «Жалын» студенттік театры өз туындысы «Мұнай-махаббат» қойылымын көрсетті. Қойылымның режиссері, университет маманы – Серікбаев Әзілхан. Жүйріктер қатысқан додада универсиеттің театр ұжымы үздік қойылым көрсетіп, сайыс қорытындысы бойынша өзгелерден оқ бойы оза шауып,  қанжығаларына 3-орынды иеленді. Студенттік театрдың шебер ұйымдастырушысы, жас режиссер Серікбаев Әзілханның университеттегі жастардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында атқарған еңбегі бүгінде оң нәтижесін табуда. Ал осы қойылымға қатысқан студент-актерлер болашақ инженер, геолог болғанымен, актерлік шеберлігі мықты, ұлттық өнерді насихаттаушы, дарынды жастардың шығармашылық еңбегінің жемісі деп бағалаймыз.

«Жалынның» жалынды жастарына шығармашылық табыстар, қажырлы еңбектің жемісін тілейміз! Тек биіктерден көрініңіздер!