Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді қыз-келіншектерін мерекелік құттықтауы

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Атырау облысының әкімінің бірінші орынбасары С.С.Лұқпанов Атырау облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді бір топ қыз-келіншектерін мерекемен құттықтады. Олардың қатарында біздің университеттің ҚХА кафедрасының меңгерушісі Людмила Садыкова да марапатқа ие болды. Әріптесімізді марапатымен ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз және еңбегіңізбен мәртебеңіз асқақтай берсін дейміз!