Приступила к работе

С.Өтебаев атындағы АтМГУ ұжымының қатары тағы бір білікті маманмен толықты. Елімізге танымал, дарынды ақын, «Алтын қалам», «Үркер-үміт» әдеби байқауларының, республикалық мүшәйралардың жүлдегері, халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері Бақытгүл Бабаш университетіміздің баспасөз орталығына қызметке орналасты.
Әр өңірдің білікті мамандары өзінің іс-тәжірибесі мен бар білімін туған жерінің қарыштап дамуына арнауы тиіс. Қаламы қарымды журналист Бақытгүлге университетіміздің жаңа даму сатысындағы жағымды жаңалықтарын жариялау жұмысына сәттілік тілейміз!