Каспий зерттеу институты

Каспий зерттеу институтының директоры - Қанбетов Асылбек Шахмұратұлы, ұялы тел: 8 701 672 14 41, e-mail: [email protected]

Каспий зерттеу институты (КЗИ) 2015 жылдың 15 шілдесінде Атырау мұнай және газ университетінің (АтМГУ) Ғылыми кеңесінің шешімімен құрылды.

КЗИ қызметі аймақтың атқарушы органдарының мемлекеттік тапсырысы, халықаралық, ҚР БҒМ гранттары, соның ішінде  ҚР индустриальды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ), сонымен қатар шаруашылықтық субъектілері мен мекемелердің, өнідірістердің шаруашылықтық келісім-шарт негізінде жүргізілетін ғылыми зерттеулерді дамыту мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

АтМГУ 2015 жылдың тамызында ғылыми және  ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігін алды. «Мұнай химиясы» ИБЗ ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 сай ҚР аккредиттеу жүйесі бойынша аккредиттелген.

КЗИ өзіне барлық АтМГУ ғылыми бөлімшелерін біріктірген АтМГУ құрылымдық бөлімі болып саналады.