Ғылыми-техникалық кеңес

АтМГУ өндірістің технологиялық қажеттілігін анықтап, аталған мәселелерді шешу үшін Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) құрылды. ҒТК құрамына облысымыздың жетекші өндірістік мекемелері мен компанияларының өкілдері және АтМГУ профессор-ғалымдары кірді. Ғалым-теоретиктер, ғалым-практиктер, инженерлер және өндірістік сарапшыларды біріктіретін команда құрылды.

ҒТК аясында ғылыми жобаларды қаржыландыруға қол жеткізіп, жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа ғылыми жобалардың қолға алынатындығына жол ашты.

АтМГУ ҒТК қызметі келесі негізгі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған:

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары және өндірістегі мәселелерді шешуді бағыттау;
  • АтМГУ болашағы зор ғылыми бағыттарын анықтау, олардың өнеркісіп мәселелерін шешуге, мамндарды даярлау және білім беру бағдарламасына сәйкестігін анықтау;
  • АтМГУ және өнеркәсіптік мекемелермен бірлескен ғылыми зерттеулер мен АтМГУ бөлімдерінің ғылыми жұмыстарының қортындысын талқылау (ғылыми орталықтар, зертханалар, факультеттер);
  • ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗЖ; НИОКР) және инновациялық жобаларды есебін талқылау және бағалау;
  • басылымға дайындалған монографияларды талқылау;

Ғылыми-зерттеу саласында АтМГУ құрылымдық бөлімдерінің және өнеркісіптік мекемелердің қарым-қатынасын сараптау, .ылыми қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасақтау.