Жас ғалымдар кеңесі

Жас ғалымдар мен мамандарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, кәсіби және ғылыми тұрғыда өсуі, сонымен қатар олардың дамуына әлеуметтік-экономикалық жағдайды жасау арқылы  КеАҚ «АтМГУ» ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында Жас ғалымдар кеңесі құрылды.

Кеңестің міндеттері

  • Оқытушылармен бірге студенттердің (бакалаврлар, магистранттар)  әртүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысуын реттеу және қамтамасыз ету.
  • Жас ғалымдардың ғылыми қызметінің нәтижелерін оқу үрдісінде қолдану мақсатында талқылаудан өткізу.
  • Жас ғалымдардың ғылыми және инновациялық қызметке араласуын, нәтижелілігін арттыру:​​
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарына араластыру;
  • Отандық және шетелдік ЖОО жас ғалымдары арасында ғылыми-шығармашылық ынтымақтастықты орнату, дамыту;
  • Қазақстандық және шетелдік ғылыми, инновациялық қорлармен таныстыру және  стипендия мен гранттарды алу байқауларына үміткерлерді ұсыну;
  • Жас ғалымдар мен мамандарға ғылыми, инновациялық шараларды, ғылыми-зерттеуді жүргізуде көмек көрсету;
  • Ғылыми оң нәтижелерді алу және оны енгізу үшін жағдай жасау.

Кеңес мақсаты

  • Университетте оқу, ғылыми және инновациялық жұмыстарды дамыту, жүзеге асыру, ұйымдастыру
  • Жас ғалымдарға жеткен жетістіктері үшін белгіленген тәртіп бойынша қаржылай сыйақы беру жөніндегі ұсыныстарды талқылау.
  • Қазақстанда және шетелдерде өтетін түрлі деңгейдегі көрмелер, конкурстар, конференцияларға қатысуға жас ғалымдармен орындалған ғылыми-зерттеу нәтижелерін талқылау және ұсыну.
  • Семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, көрмелер ұйымдастыру.