Халықаралық білім беру бағдарламалары және академиялық ұтқырлық басқармасы

Басқарма басшысы - Ақмурзиева Гүлшат Бисенғалиқызы, жұмыс тел: 36-48-92, ұялы тел: 8 702 455 41 83, e-mail: [email protected]

Халықаралық білім беру бағдарламалары және академиялық ұтқырлық басқармасы 2015 жылдың наурыз айында негізі қаланған Атырау мұнай және газ университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Басқарма қызметі негізінен білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету, Университет беделін әлемдік деңгейде қалыптастыру мен қолдау, сондай-ақ Қазақстан нарығында жоғары сапалы білім беру қызметін ұсынуға бағытталған.

Халықаралық білім беру бағдарламалары және халықаралық ынтымақтастық басқармасының алдына қойған міндеттері:

- шетелдік білім беру мекемелерімен және ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

- жоғары техникалық білім беру бағдарламаларының бірлескен жобаларын, сонымен қатар шетел серіктестерімен қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру;

- студенттер арасында халықаралық және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларын қамтамасыз ету;

- әлемнің алдыңғы қатарлы ЖОО-нан шетелдік ғалымдарды шақыру бағдарламасын жүзеге асыру және оны ұйымдастыру;

- Университет студенттері, қызметкерлері және профессор- оқытушыларының құрамына қарай бағытталған тілдік базаның негізін қалыптастыру: ағылшын және итальян тілдері үйірмелері.

Қойылған мақсаттарға сәйкес Басқарма бірнеше бағыттарда жұмыс жасайды:

-  халықаралық бірлескен білім беру бағдарламалары: Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті, УГТУ (Уфа қаласы, Ресей), Әлемдік экономика және қаржы институты (ИМЭФ) (Астрахань, Ресей);

- студенттер мен оқытушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы;

- «Академиялық ұтқырлық аясында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына шетел ғалымдарын шақыру» бағдарламасына қатысу;

- ағылшын тілі кафедрасы: «Мұнай-газ ісі», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Автоматтандыру және басқару», «Энергетика»;

- тілдік клубтар: ағылшын клубы «English club» және итальяндық «Parli Italiano» клубы;

- білім беру, ғылыми, әдістемелік жұмысты жүзеге асыруға ЖОО-лармен, алыс және жақын шет елдердегі мемлекеттік ұйымдармен ұзақ мерзімді көп жақты қатынастарды құру;

- серіктес университеттермен ғылым және білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық, ТМД және шетелдердегі ғылыми ұйымдармен ғылыми ынтымақтастық.

imefХалықаралық бірлескен білім беру бағдарламалары

   Әлемдік экономика және қаржы институты, ИМЭФ (Астрахань, Ресей)

 

 Мамандықтар:

  1. Экономика
  2. Менеджмент
  3. Қолданбалы информатика (бакалавриат).

Оқу мерзімі: 4 жыл 6 ай

Оқыту нысаны: Күндізгі, сырттай (қашықтағы технологияларды пайдалану)

Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университет, УГНТУ (Уфа, Россия)

«Химия технологиясы» мамандығы бойынша «Химия және негізгі органикалық және мұнай-химиялық синтез өнімдері технологиясы» мамандығы бойынша магистратура.

Оқу мерзімі: 2 жыл

Оқыту нысаны: сырттай- қашықтан оқу

 

                                                    Ағылшын тілі бөлімі

Мамандықтар:

  •  «Мұнай және газ ісі»
  • «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
  • «Автоматтандыру және басқару».

Оқу мерзімі:  4 жыл

Оқыту тілі:    Ағылшын                                                                                                   

Оқытушылар: серіктес университеттерден шақырылған шетелдік ғалымдар мен AтМГУ мұғалімдері шақырылды.