Әкімшілік-кадр басқармасы

Әкімшілік-кадр басқармасының басшысы - Дабысова Қарылға Есенжолқызы

Жұмыс тел: 31-64-18, ұялы тел: 8 701 369 48 72

Эл.адрес: [email protected]

Әкімшілік-кадр басқармасы (бұдан әрі – ӘКБ) құжат айналымы секторы, қызметкерлермен жұмыс жасау секторы, хатшылық және мұрағат қызметіне бақылауды жүзеге асыратын «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ-ның оқшауланған құрылымдық бөлімі болып табылады.

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР

Әкімшілік-кадр басқармасының негізгі міндеттері:

1. Құжат айналым секторы:

1.1. Университетте іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жетілдіру;

1.2. Іс жүргізу аяқталған құжаттық материалдарды пайдалануды және сақтауды ұйымдастыру;

1.3. Барлық хат-хабарларды дұрыс тіркеу және тіркеуді ұйымдастыру;

1.4. ҚР БҒМ, ҚР мемлекеттік органдарының, Университет басшылығының құжаттары, заңды тұлғалардың сұраныстары мен азаматтардың өтініштерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

1.5. Ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық, іс жүргізу және мұрағаттық іс мәселелері бойынша Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және бақылау.

2. Қызметкерлермен жұмыс жасау секторы:

2.1.Кадрларды іріктеу және орналастыру; 2.2.Университет қызметкерлерін аттестациялау; 2.3. Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен бірлесіп, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша шараларды жоспарлау және іс жүзінде жүзеге асыру; 2.4. Университет Басқарма төрағасы – ректордың нұсқаулары мен бұйрықтарының, өкімдерінің жобаларын дайындау; 2.5. Еңбек тәртібінің жай-күйі мен кадрлардың айналымына талдау жүргізу; 2.6. Университеттің бөлімшелерімен, сыртқы ұйымдар мен ведомстволармен кадр мәселелерін шешу бойынша өзара әрекетін ұйымдастыру; 2.7. Университет қызметкерлеріне марапаттау материалдарын дайындауды ұйымдастыру;

2.8. Ағымдағы және жоспарлы есептілікті, басқа да анықтамалық-ақпараттық деректерді белгіленген мерзімде дайындау және ұсыну;

3. Мұрағат:

3.1. Мұрағатты құжаттармен жинақтау және сол құжаттарды сақтау, есепке алу, іріктеу және пайдалануды қамтамасыз ету;

3.2. мұрағатқа істерді дайындау, қалыптастыру және тапсыру тәртібі бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне нұсқаулық беру;

3.3. Мұрағаттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына әдістемелік басшылық жасау;

3.4. Мемлекеттік мұрағатқа құжаттарды сақтауға дайындау және тапсыру;

4. Хатшылық:

4.1. Басшылардың басқарушылық қызметін құжаттамалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету;

4.2. Басшылармен азаматтарды жеке қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

4.3. Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері басшылардың нұсқауларын орындауды бақылауды жүзеге асырады.