Музей

Музей меңгерушісі -Тұрниязова Айсұлу Бектемирқызы, ұялы тел: 8 701 577 38 37, e-mail: [email protected]

Музей қараушысы - Жукеева Айгүл Сапарқызы

   Музей университеттің оқу, ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту құрылымдық бөлімшесі болып табылады. АтМГУ музейінде университет құрылғаннан бастап бүгінге дейінгі тарихын бейнелейтін, сонымен қатар оқытушылардың, қызметкерлердің, студент-түлектердің ғылыми, оқу, қоғамдық, мәдени қызметі туралы естеліктер, жазба деректер жинақталады, сақталады, зерттеледі және көрмеге қойылады. Музей  университетіміздің 20 жылдығына орай 2000 жылдың желтоқсан айында ашылды. Музейді жасақтауда АтМГУ ұжымының, қала мұрағатының және жеке коллекционерлердің көп жылғы еңбектерінің нәтижелері пайдаланылды. Музей оқу-тәрбие және мәдени-ағарту қызметін атқара отырып,  өлкетануды,  білімді негізгі мақсат ретінде алға қояды және қоғамдық белсенділікке тәрбиелеп, азаматтылыққа, мәдени және тарихи  ескерткіштерді дамытуға насихаттайды.

  Музей жиынтығының негізін заттай, жазба бейнелі материалдар және фотоматериалдар  құрайды.

  • Қазақстандағы мұнай кен орындарының үлгілері;
  • «Полипропилен» ЖШС өнімдері мен шикізаттары;
  • «АМӨЗ»  ААҚ-ның өнімдері мен шикізаттары;
  • АтМГУ қызметкерлерінің өнертабыс патенттері;
  • Институт ғалымдарының еңбектері;
  • Профессорлық-оқытушылар құрамының жаңа еңбектері;
  • Институт ғалымдарының монографиясы;
  • Табиғат бөлімі;
  • Ескі Гурьев тарихы;
  • Өлкеміздің тас дәуірін, қола дәуірін, темір дәуірін бейнелейтін экспозициялар;
  • Сарайшық, Ақтөбе-Лаэти;
  • Гурьев Ұлы Отан соғысы жылдарында;
  • Ғалымдарға арналған экспозиция;
  • АтМГУ сыйлықтары;