Тәртіптік комиссия

Тәртіптік комиссияның негізгі мақсаты Университет қызметкерлерінің ҚР заңнамасын, Университеттің ішкі тәртіп ережесін сақтауды, сондай-ақ жауапкершілік пен тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы істерді қарауды қамтамасыз ету болып табылады.   

          Тәртіптік комиссияның  негізгі міндеттері:

  1. Университет қызметкерлерімен жіберілген бұзушылықтар туралы істерді жан-жақты, толық, әділ және уақытында шешу;  
  2. шығарылған шешімнің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бұзушылықты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау; 
  3. Университеттің ішкі тәртіп ережесін сақтауды бақылау;
  4. Тәртіптік комиссиямен бекітілген өкілеттік шараны, сонымен қатар лауазымдық міндеттердің осы ережесінің 2.1-тармағында айқындалған тұлғалармен орындауды қамтамасыз ететін тәртіптік ықпалды қабылдау.

      Тәртіптік комиссия қарайтын істер:

  1. құқық қорғау органдарының көмегімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы;
  2. корпоративтік этика кодексінің нормаларын бұзу мәселелері бойынша;
  3. корпоративтік басқару кодексін бұзу мәселелері бойынша;
  4. дәлелсіз себептермен оқу сабақтарына профессорлық-оқытушылық құрамның (ПОҚ) жүйелі түрде келмеуі туралы;  
  5. жұмысқа дәлелсіз себептермен қызметкерлердің жүйелі кешігуі туралы;
  6. жұмыс немесе оқу орнына мас күйде келу, соның ішінде Университет аумағында жұмыс уақытында ішімдік ішу туралы;  
  7. белгіленбеген орында темекі тарту туралы;
  8. Университеттің ішкі нормативті құжаттарының талаптарын бұзу туралы;
  9. тәртіптік сипаттағы ықпал ету шараларын талап ететін өзге де істер; 
  10. профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлер тарапынан әдепсіз қылық көрген жағдайда, азаматтардың өтініштері бойынша.