Жастар саясаты және мәдениет басқармасы

Жастар саясаты және мәдениет басқармасы

Жастар саясаты және мәдениет басқармасының басшысы:

Жүсіпқалиева Ардақ Жағыпарқызы

Байланыс телефоны:  8702 232 89 74. Электронды пошта:

Басқарма басшысы Басқармаға түскен ақпараттарды үйлестіреді және тиісті жауаптар дайындайды.

Іс қағаздар жүргізу тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді. Бөлімше басшыларымен бірлесе ұйымдастырушылық-тәрбие шараларын, университеттің ішкі құрылымдық бөлімшелері мен факультет басшыларымен бірге жалпы басқаруды ұйымдастырады. ЖСжМБ бөлімшесінің жетекшілерінің қызметін үйлестіреді.  

Өнер және шығармашылық орталығы

Жетекші: Қыздарбаев Руслан Рахымжанұлы

Байланыс телефоны: 8778 678 5204. Электронды пошта: rusik_95-96@mail.ru

Өнер және шығармашылық орталығының жетекшісі келесі мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастырады: 

- студенттерді мәдени-эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, тарихи тұлғалардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын, ұлттық және мемлекеттік рәміздерді насихаттау, мәдени өмірге студент жастарды жаппай тарту;

- студент жастар арасында ұлттық өнер жанрларын насихаттау арқылы көркемөнерпаздар ұжымдарын қалыптастыру, кеңейту және нығайту;

- тақырыптық кештерді, концерттік және ойын-сауық шараларын және т.б. ұйымдастыру және жүргізу;

- мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастыруға қатысу, мәдениет пен өнердің әр түрлі бағыттарын таратуға байланысты жұмыстар жүргізу. 

Көшбасшылар орталығы

жетекші: Имандосов Азамат Хайдарұлы

Байланыс телефоны: (87122) 36-23-14. Электронды пошта:

Көшбасшылар орталығы «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Орталықтың негізі атқаратын қызметтері:

  • жастар саясатын жүзеге асыру және оны жан-жақты іске асыру шараларын әзірлеу;
  • студенттік ұжымдарда көшбасшылықты, өзара көмекті қалыптастыру;
  • бағыттар бойынша конкурстар, байқаулар ұйымдастыру;
  • университеттің қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру мәселелері бойынша жастар саясатын жүзеге асыру, жастар мәселесін дер кезінде шешу;
  • университеттің жастар мәселесін дер кезінде және нақты шешуде жоғары тұрған инстанциялармен, жастар ұйымдарымен өзара әрекеті;
  • жеке және кәсіби көшбасшылық қабілетті дамыту;
  • әр түрлі салада қарым-қатынастың көшбасшылық қасиет дағдыларын қалыптастыру.

Біздің университетте студенттердің қабілеттерін дамыту үшін барлық мүмкіндіктер жасалған, сонымен қатар қызығушылықтары бойынша студенттік клубтар мен шығармашылық бірлестіктер қызмет атқарады.

 

СТУДЕНТТІК  КЛУБТАР МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР

  1. Студенттік өзін-өзі басқару кеңесі Студенттердің бойында отаншылдық сезімін қалыптастырады, барлық шараларға белсенді қатысады. Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің президенті: Каким Нұролла. Студенттік кеңес құрамында 17 студент бар. 
  2. «Ғибрат-Лидер» дебат клубы – Түрлі конкурстарға, дебаттарға, турнирлерге қатысады. Қазақ тіліндегі лиганың жетекшісі: Қайсаева Гүлназ. Орыс тіліндегі лиганың жетекшісі: Маев Алпамыс. Клуб құрамында 20 студент бар.   
  3. АтМГУ  (SPE) Инженер-мұнайшылар қоғамының студенттік ұяшығы – Мұнай-газ индустриясы мен мұнай-газ қорын барлау салаларындағы техникалық білімдерді жинау және тарату. Жетекші: Сүндетов Райымбек. Құрамында 103 студент бар.
  4.  «Үміт» көмек беру және волонтерлар орталығы – Жеке тұлғаның моральдық негіздерін, қайырымдылықты, есепсіз өзара көмекті қалыптастыру. Жетекші: Сұлтанбек Бекбосын. Орталық құрамында 30 студент бар. 
  5.  Көңілді тапқыштар клубы (КТК) – Түрлі конкурстарға, турнирлерге, семинарларға қатысу. КТК-ның жетекшісі: Кустадинчев Роман. КТК құрамында15 студент бар.
  6.  Әлемдік саясатты білгірлер клубы – Конференциялар, семинарлар ұйымдастыру. Клуб жетекшісі: Галиуллин Рашид.  Клуб құрамында 10 студент бар.
  7.  Видео ойын әуесқойлар клубы – Заманауи құбылыстарды, видео ойындарын зерттеу. Клуб жетекшісі: Биғалиев Тимур. Клуб құрамында 16 студент бар.
  8. Фотостудия – Сурет көрмелерін ұйымдастыру және жүргізу. Студия жетекшісі: Халелов Жалғас. Құрамында 10 студент бар.
  9. «KinoTime» әуесқойлар клубы – Кино өнерінің жанрлары мен бағыттары бойынша пікірталастар ұйымдастыру. Клуб жетекшісі: Төлегенов Нұрасыл. Клуб құрамында 15 студент бар.
  10. Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі – Университеттің ішінде және одан тыс жерлерде болатын түрлі шараларға қатысу. Жетекші: Аққалиев Азамат Теңдікұлы. Оркестр құрамында 20 адам бар.
  11. «Атамекен» хоры – Түрлі шығармаларды орындауда студенттердің орындау шеберлігін дамыту. Жетекші: Қыздарбаев Руслан. Хордың құрамында 15 студент бар.
  12. Студенттік театр – Театр қойылымдарын қоюды және поэзиялық кештерді ұйымдастыру. Театр жетекшісі: Серікбаев Әзілхан. Театр құрамында 25 студент бар.
  13. «Жаннұр» би ансамблі – Қатысушылар әлем халықтары билерін орындай алатын АтМГУ-нің халық би ансамблін құру және дамыту. Би ансамблінің жетекшісі: Жайдарбек Жаннұр. Құрамында 8 адам бар.
  14. Гитаристер мектебі – Студенттерге гитара ойнаудың негізгі қыр-сырын үйрету және концерттік бағдарламалар өткізу. Жетекші: Амантай Ылғар. Құрамында 5 адам бар.
  15. Заманауи би тобы – Әлеуметтік қатынас, өз болмысыңды көрсету тәсілі, сонымен қатар денені жақсы қалыпта ұстау. Жетекші: Жайдарбек Жаннұр. Би тобының құрамында 10 студент бар.
  16. Заманауи спорттық бал би мектебі – АтМГУ-де заманауи спорттық бал би мектебін құру. Жетекші: Жайдарбек Жаннұр. Құрамында 10 студент бар.
  17. Түрлі бағыттағы клубтар мен билер мектебі – Би өнерінің дағдыларын қалыптастыру, жоғары орындау шеберлік арқылы әдемілікке ұмтылу. Жетекші: Бөкенбаева Рысты. Құрамында 20 адам бар.
  18. Эстрада мектебі – Эстрада өнерінің жанрында шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру мақсатында студенттердің бос уақытын ұйымдастыру. Жетекші: Қыздарбаев Руслан. Құрамында 20 студент бар.
  19.  Дикторлар мектебі – Студенттерді дикциялық және логикалық сөйлеу техникасына үйрету. Жетекші: Қыздарбаев Руслан. Құрамында 10 студент бар.
  20.  «Каспий жағалауының батырлары» – тарихи-патриоттық клуб.  Жетекші: Юсупов Қуаныш.
  21.  «Мирас» тарихи-өлкетану клубы.  Жетекші: профессор Афанасьев Вячеслав Константинович.

Атырау мұнай және газ университетінде пәндік клубтар мен үйірмелер қызмет атқарады.

Жастар саясаты және мәдениет басқармасының қызметкерлері:

Жастар саясаты және мәдениет басқармасының жетекші маманы:

Айдаралиева Жанаргүл Сағытжанқызы – Жастар саясаты және мәдениет басқармасы құжаттарының есебін жүргізеді, кіріс және шығыс хаттарды тіркейді. АтМГУ-нің құрылымдық бөлімшелерінің сұраныстары бойынша қажетті құжаттарды дайындайды.

Байланыс телефоны:  8702 500 75 00. Электронды пошта: [email protected]

Жастар саясаты және мәдениет басқармасының маманы:

Аманғалиева Эльмира Қапарқызы – ҚХР-нан келген студенттердің қажетті құжаттарын рәсімдеуге көмектеседі. Атырау мұнай және газ университетінде білім алып жатқан ҚХР-нан келген студенттер туралы қажетті ақпараттар жинауды жүзеге асырады.

Байланыс телефоны:  8702 150 0223. Электронды пошта: [email protected]

 

Жастар саясаты және мәдениет басқармасының маманы:

Қосымова Перизат Аманғалиқызы – Жастар саясаты және мәдениет басқармасы құжаттарының есебін жүргізеді, кіріс және шығыс хаттарды тіркейді.

Байланыс телефоны:  8701474 1332. Электронды пошта: [email protected]

Жастар саясаты және мәдениет басқармасының маманы:

Күреңбаева Гүлімай Бердібайқызы – «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер туралы қажетті ақпараттар жинауды жүзеге асырады. Студенттердің жалпы дерекқорын жинайды.

Байланыс телефоны:  8778 160 2949. Электронды пошта: gulim-ai93@mail

«Теңіз толқыны» халық аспаптар оркестрінің жетекшісі:

Аққалиев Азамат Теңдікұлы – Университеттің ішінде және одан тыс жерлерде болатын түрлі шараларға қатысады.

Байланыс телефоны:  8778 702 7784. Электронды пошта :[email protected]

Дыбыс режиссёр:

Әбуов Шыңғысхан Аманқосұлы – Мәдени-көпшілік шараларды дайындауға қатысады. Музыкамен, микрофондармен қамтамасыз етеді.

Байланыс телефоны:  8778 809 5497. Электронды пошта: [email protected]

Атырау мұнай және газ университетінің студенттік театрының жетекшісі:

Серікбаев Әзілхан Серікбайұлы – Театрлық қойылымдар мен поэзиялық кештерді ұйымдастырады. 

Байланыс телефоны:  8778 984 5897 Электронды пошта: [email protected]