Дуалды білім беру, кәсіби іс-тәжірибе және еңбекке орналастыруды ұйымдастыру басқармасы

Дуалды білім беру, кәсіби іс-тәжірибе және еңбекке орналастыруды ұйымдастыру басқармасының басшысы – техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жантөрин Жомарт Қайыржанұлы

Жұмыс тел.: 36-56-21

Ұялы тел.: 8 701 386 39 41

Е-mail: [email protected]

Жалпы ақпарат

Бағдарлама мақсаты – АтМГУ оқу үдерісіне дуалды оқытуды енгізу. «Полигон» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде оқу-өндірістік полигон құрылды.

АтМГУ-нің құрылымдық бөлімшесі ретінде оқу-өндірістік полигонның негізгі міндеттері:

  • кен орындарын игеру,  ұңғымаларды пайдалану, ұңғымалық өнімді дайындау және жинау, тасымалдауды қоса, барлық өндірістік процестің нақты режимінде ұйымдастыру жолымен мұнай-газ саласы үшін мамандарды жоғары сапалы даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ету;
  • студенттерге аудиториялық теориялық білімнен оқу-өндірістік полигондағы өндірістік кезеңге көшу мүмкіндігін ұсыну;
  • студенттерге өндірістік жабдықтарда жұмыс жасаудың тәжірибелік дағдыларын меңгерту;
  • білім беру бағдарламаларының мазмұнын жүйелі түрде жаңарту және оқыту әдістерін жетілдіру.

Мамандықтар:

5В070800 – «Мұнай-газ ісі», мамандандыру: Мұнай және газ кен орындарын пайдалану және игеру;

5В070800 – «Мұнай-газ ісі», мамандандыру:  Теңізде және құрлықта мұнай және газ кен орындарын жөндеу және бұрғылау;

5В071800 – «Электроэнергетика»;

5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»;

5В070200 – «Автоматтандыру және басқару»;

5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар»;

5В071300 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар»;

5В070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау»;

5В050800 – «Есеп және аудит».

Студенттер «Қайнармұнайгаз» және «Жылоймұнайгаз» МГӨБ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «ҚазТехМұнайСервис» ЖШС, «Жігермұнайсервис» ЖШС  базаларында оқытылады. Барлық студенттер үш кен орындарына бөлінген. Олар:

  • «Қайнармұнайгаз» МГӨБ жанындағы «Шығыс Молдабек» және «Б.Жоламанов» кен орындары;
  • «Жылоймұнайгаз» МГӨБ жанындағы «Прорва» кен орны.

Ашық аспан астындағы технологиялық мұражай

Атырау мұнай және газ университеті білім беруде және мамандарды даярлауда жаңа әдістерді жүйелі қолданады. АтМГУ-нің келешегі бар жобалардың бірі – ашық аспан астындағы АтМГУ технологиялық мұражайы. Технологиялық мұражай студенттерге білім беріп қана қоймай, жергілікті және аймақтық деңгейде креативті экономиканың бекуіне септігін тигізуде жетекші роль атқарады.

Технологиялық мұражай жаппай келушілерге бағытталғанымен, білім беру және зерттеу жұмыстарымен айналысады, оның қоры мәдени-білім беру мақсаттарында кеңінен қолданылады. АтМГУ технологиялық мұражайының негізгі қызметі – білім беру және мамандарды даярлау барысында көрнекілік заттармен қамтамасыз ету. Технологиялық мұражай оқу үдерісінде, ал олардың жинақтары – ғылыми мақсаттарда қолданылады.