Внешний аудит

 Сыртқы аудиттің екінші  күні сарапшылар тобы өз іріктеулері бойынша белгіленген  университеттің практика базаларына  барды. Атап айтқанда «КМГ инжиринг» компаниясында жұмыс жасайтын Марданов А.С.  (оқу орны түлегі)  қазіргі уақытта жұмыс беруші компания өкілі ретінде университет пен компания арасындағы байланыс туралы кеңінен мәлімет берді.  Сонымен бірге «КазНИГРИ» ЖШС аналитикалық талдау департаменті мен «Каспий инжиниринг» ЖШС болып, зертханаларымен, оқу орны түлектерімен пікірлесті. Аталған компаниядағы «С.Өтебаев атындағы АтМГУ» КеАҚ кафедра филиалдарында болып, жұмысымен танысты.