Балалар үйі тәрбиеленушілері АтМГУ-да қонақта

12 мамырда Атырау мұнай және газ университетінің Студенттер сарайында «Ел жүрегі-Астана» тақырыбында Атырау облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі тәрбиеленушілерінің концерті өтті. Шараның мақсаты – тәрбиеленушілер мен студенттер арасында достық қарым- қатынасты нығайту, мәдениет пен өнерге қызығушылығын арттыру, сыйластық пен татулыққа, төзімділікке және адамгершілікке тәрбиелеу.

Балалар ауылының директоры Гүлсара Аманғалиқызы: Бүгінгі күні біздің мекемеде 3-18 жасқа дейінгі 45 бала, 16-23 жасқа дейінгі 24 бала тәрбиеленуде. Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған халық. Жасыратыны жоқ, «адамдар бойынан мейірімділік, бауырмалдық азайып бара жатыр» деген сөздер ішінара болса да естіліп жатады. Қоғамда болып жатқан жағдайлармен санасып, соның ішінде, қорғансыз қалған сәбилердің жандарын жадыратуға көңіл бөліп, балалардың студент аға-апаларына өнерлерін көрсетуіне мүмкіндік жасаған Атырау мұнай және газ университетінің басшылығына алғысымызды білдіреміз, - деді.