Хабарландыру!

Құрметті қала тұрғындары, студенттер мен ата-аналар!

Азаматтардың кез келген мәселелеріне шұғыл жауап беру және шараларды тез қабылдау үшін «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ-ң Басқарма төрағасы – ректор м.а. Ә.О.Көшековтің Instagram (@alibek.kushekov) және facebook әлеуметтік желісінде аккаунттары ашылды. Біз Сіздермен тікелей байланыс орнатуға дайынбыз және біріге отырып, болашақ жастардың саналы түрде сапалы білім алуына бірге жұмыстануға шақырамыз. Атырау мұнай және газ университетінің әкімшілігі Сіздердің әрбір пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды, сұрақтарыңызды тыңдап, құлақ асуға ынталымыз. Ендеше жоғарыда аталған әлеуметтік желі аккаунттарына сілтеме арқылы өтіп, тіркелуді сұраймыз.