Құттықтау хат

Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және Газ

Университетінің Ректор міндетін атқарушы

Әлібек Оңайбайұлы Көшеков мырзаға

 

Құттықтау хат

Құрметті Әлібек Оңайбайұлы! Сізді, ректорат, профессор-педагогтық ұжымын, студенттерді Университетке қазақтың алғашқы мұнайшысы Сафи Өтебаевтің аты берілуімен құттықтаймыз. Біздер, Сафи Өтебаевтың әулеті, балалары, қатты қуанып жүрміз. Өйткені, әкеміз жергілікті балалар елінің жақсы профессионал мұнайшысы болса деген ойын іске асырып уақытында үлкен үлес қосқан еді білесіздер ғой, оның әрекетімен 20 жыл бойы 100 жергілікті үміткерлер совет еліндегі ең жақсы деген вуздарға конкурссыз түсетін болды. Қ.Сәтбаев Университетінде мұнай факультетін ашты, оларға жағдай жасады. Енді міне, өзінің атында халыққа белгілі мұнайшылар дайындайтын жоғары оқу орны бар. студенттердің, педагогтардың арасында Сафи Өтебаев атындағы стипендия және грант алғандар да бар шығар. Біз университеттің студенттеріне әкеміздің өмірі үлгілі болсын дейміз, болашақта сол кісідей аянбай еліне еңбек етіп, халқының алдында үлкен абыройға, алға қойған мақсаттарына жетсін деп тілейміз. Ал, Университеттің ұжымын, қазіргі жаңа дәрежелеріңізбен тағы да құттықтаймыз. Еңбектеріңіз табысты, жемісті болсын. Республикамыздағы ВУЗ-дардың алдыңғы қатарында болыңыздар.

Сәлеммен Светлана Сафи қызы, Мақсот Сафи ұлы.

19.02.2019ж.