Өндіріс орнындағы кезекті дәріс

Университет оқытушылары сабақ тиімділігін арттыру мақсатында, дәрістерді тақырыпқа сай өндіріс орындарына барып, өткізуді жақсы дәстүрге айналдырды. Бұл ең алдымен студенттердің сабаққа деген ынтасын аударса, екіншіден өз көздерімен көріп, өндіріс орындарындағы замануаи құрылғылардың қалай жұмыс жасайтынын өз көздерімен көріп, жаңа сабақты тыңғылықты қабылдауларына септігін тигізуде. Осындай кезекті аудиториядан тыс сабақты «Электроэнергетика» кафедрасының оқытушылары 3 курс студенттерімен «KEGOK» компаниясында «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» АҚ-ң «Сынау және диагностика қызметіндегі» физико-химиялық зертхана, электрлік зертханалардың жұмысымен танысты. «Жүз рет естігенше, бір рет көр» дегендей, күнделікті теориялық дәрістегі материалдарымен практикалық түрде танысып, компанияның жетекші мамандарымен сұқбаттасып, студенттер өздерінің білім қорларын толықтырды.