Айсұлудың әсем әні

18-ші мамыр күні инстаграмм және фэйсбук желісі арқылы С.Өтебаев атындағы АтМГУ студенті Аманжолова Айсұлудың жеке онлайн өнерін тамашаладық.
Айсұлу сазды бағдарламасының шымылдығын «Қазақ елі» (Е.Ынтықбаев пен Ш.Сариев) әнімен ашты. Әрі қарай Ф.Оңғарсынованың, Ринат Заитов, Аман Дүйсеновтің және т.б. ақындардың сөздеріне жазылған әндерді тамылжыта орындады. Айсұлу әнді гитарамен өзі сүйемелдеп, нақышына келтіріп, тыңдаушысының көңілінен шыға білді. Көрермендері де өзіндік жылы пікірлерін білдірді.
Айсұлудың болашақ мамандығы –«Радиотехника, электроника және телекоммуникация». Кәсіби вокалдық білімі жоқ. Дегенмен әнге деген сүйіспеншілік оны студенттік көркемөнерпаздар ұжымына әкеліп қосты. Сол арқылы өзін шыңдап, мамандардан дәріс алуда. «Біз біргеміз!» акциясы аясында өткен сазды бағдарламада университет студенттері сабақтан бос мезгілдері өз жүректерінің қалауымен айналысатын студенттік бірлестік жұмыстарын көрсетті.
Сазды бағдарламаны төмендегі сілтеме арқылы тамашалауға болады.
https://www.youtube.com/watch?v=2HMrnqW8jjU