#7 спикер

2019 жылдың 27 желтоқсан күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасындағы коммуникацияларды дамыту орталығында «Нөмірі жетінші спикер» тақырыбында интеллектуалды конференция өтті. Аталған конференцияға оқу орнымыздың оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері, сондай-ақ қала жастары қатысты.

Конференцияның мақсаты – жастарға дұрыс бағыт сілтеп, өз жұмысына, қызметіне деген ынтасын арттыру.

Конференция кезінде әр спикер өзінің өмірлік тәжірибесімен, жеңіске жету жолдарымен бөлісті.

Қатысушы спикерлер:

Олжас Сүлейменов – С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Жастармен жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, «Ең дәмді пицца»;

Жұмабай Әнуар – Көшбасшылар академиясының Директоры, «Интернеттің әсері»;

Қанат Әуесбай – «Атырау» телерадиокомпаниясының директоры, «Адами коммуникациялар – табыс жолы»;

Арман Хайруллин – кәсіпкер, қоғам белсендісі, «Экологияны қорғау – адамзат өмірін қорғағанмен тең»;

Азаматов Нұрлан – Шешендік өнер мектебінің басшысы, «Өзіңді сүю немесе нарциссизм дегеніміз не?»;

Абылай Құрметұлы – «Жеті жарғы» қоғамдық қорының директоры, «Кімге болысуымыз керек?».