«Студенттік көктем-19» фестивалі аясындағы «Сәулет-1» пәндік олимпиадасы

«Сәулет-1» пәнінен 2 сәуір күні «Студенттік көктем-19» фестивалі аясында дәстүрлі 9-шы пәндік олимпиада өткізілді.

«Құрылыс, стандарттау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. М.Д.Бисенғалиев олимпиадаға қатысушы студенттерді құттықтап, білім сайысына сәттілік тіледі.

Жалпы пәндік олимпиадада өз бақтарын сынауға 14 студент тапсырыс берді. Олар «Құрылыс-17» қ/т студенттері: Асылхан Шыңғыс, Болат Ануарбек, Біләлов Жарқын, Киланов Азамат, Құлтай Мирас, Нұртаева Гүлзада, Сағытжанов Асхат, Ташкен Ұлжарқын, Туралиев Дархан, Шынжырбек Саят.

Пәндік олимпиаданың әділқазылар алқасының төрағасы–кафедра меңгерушісі М.Д.Бисенғалиев. Қазылар алқасында: кафедра доценттері А.И.Шонашева А.Е.Тәжібаева, аға оқытушылар Р.К.Салпақаева, Г.Р. Айманова, хатшы- кафедра оқытушысы Қ.К.Мұхамбетжанова.

Олимпиада тапсырмаларына теориялық және практикалық тапсырмалар енгізілген. Теориялық білімдерін тексеру мақсатында бірнеше нұсқадағы (18 нұсқа) тест сұрақтары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылды. Тестіні дайындаған кафедраның аға оқытушысы Г.Р. Айманова жасақтады және ол осы пән бойынша дәріс береді.Әр тапсырманың тек бір дұрыс жауабы бар. Әр дұрыс жауапқа студент 1,5 ұпай жинайды. Ал практикалық тапсырмаға «Болашақ қала туралы менің көзқарасым» тақырыбында эссе жазды. Тест тапсырмасында жақсы нәтижеге қол жеткізген студенттер: Шынжырбек Саят –24 ұпай; Туралиев Дархан –18 ұпай, Кұлтай Мирас, Біләлов Жарқын -17 ұпайдан.

Әділқазылар алқасы эссе тапсырмасы бойынша төмендегідей студенттердің жұмысын бағалады: Шынжырбек Саят (5 ұпай), Асылхан Шынғыс (5 ұпай), Киланов Азамат (5 ұпай), Кұлтай Мирас (5 ұпай).

Екі турдан өткен олипмпиада қорытындысы бойынша: 1-ші орын: Шынжырбек Саят «Құрылыс-17» қ/т (29,0 ұпай); 2-ші орын:Тұралиев Дархан «Құрылыс-17» қ/т (22,3 ұпай); 3-ші орын: Құлтай Мирас «Құрылыс-17» қ/т (22,0 ұпай)

Жеңімпаз деп танылған студенттер аранайы (1,2,3 дәрежелі) дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал 4,5 орынды иеленген студенттерге ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Білім сайысының қорытындысында байқалғаны студенттердің теориялық, практикалық білім дағдыларының, кәсіби білік пен шығармашылық қабілеттерінің жоғары екені және кәсіби сөздік қорларының неғұрлым бай екенін көрсетті.