Жеңіс тұғырында

Университетіміздің 2 курс студенті (ЭБжАТ факультеті) Цой Анна облыстық ғылыми жобалар сайысында жүлделі 3-орынды иеленді. Жоба тақырыбы: «Рахмет Өтесінов – Өзен мұнай-газ өндірісінің негізін қалаушы». Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық бірлестік» өкілдері ұйымдастырған ғылыми жобалар байқауының әділқазылар алқасы Цой Аннаның шетелдік және бакалавр студенті бола тұра, көп зерттелмеген, тың тақырыпты таңдап алып, көптеген жаңа деректер қамтылған ғылыми жобасын жоғары бағалып, ерекше атап өтті. Себебі аталған ғылыми жобалар сайысында ұйымдар мен мекемелер қорғаған болса, студентіміз жобасын жалғыз өзі қорғап шықты. Сонымен қатар Анна небәрі 2-курста білім алуда және шетелдік студент бола тұра оқ бойы озып шығып, үштіктің қатарына енді. 

Студентімізді құттықтаймыз! Білім мен ғылым жолындағы алар асулары көп болғай!