АтМГУ -ң 60 студенті KAZENERGY ұсынған гранттың иегері атанды

KAZENERGY Ассоциациясы 2005 жылдың 2 қараша күні мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында құрылды. 2007 жылдың қараша айында KAZENERGY Ассоциациясы мен Білім және ғылым министрлігі мұнай-газ және энергетика кешені үшін кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Еліміздің кадрлық қорын кеңейту мақсатында Ассоциация өз өмірін елдің мұнай-газ және энергетика саласымен байланыстыруға ниет білдірген қазақстандық жастарды қолдайды. Алғыр, белсенді, болашағы жарқын бейіндік оқу орындарының студенттері мен оқушылары «KAZENERGY» Ассоциациясының атаулы гранттары мен шәкіртақыларына ие бола алады. Сонымен қатар, ғылыми-білім беру қызметін қолдау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің мұнай-газ және IT пәндерінің оқытушылары үшін де гранттар қарастырылған.

Әр жыл сайын «KAZENERGY» Ассоциациясы мен Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігі, «PSA» ЖШС, NCOC және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» арасындағы 2015 жылдың 29 қыркүйек айындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары шеңберінде бөлінетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу жүргізілуде.

Кандидаттарды іріктеу бойынша конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады. Олар: жалпы білім беретін мектептердің, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және колледждердің түлектері; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және колледждердің студенттері.

Мердігерлер бөлетін қаражат есебінен оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2019 жылдың 20 қыркүйегінен бастап 2019-2020 оқу жылында оқу ақысын төлеуге іріктеуден өткен Қазақстандағы оқу орындары студенттерінің тізімі анықталды. Тізімде «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ-ң 60 студенті бар.

Бұл тізімдегі АтМГУ студенттері арасынан 10 студент «Құрылыс, стандарттау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» кафедрасында білім алушылар. Оның ішінде:

«Құрылыс – 5В072900» мамандығы бойынша:

1. Билан Нұргүл

2. Игібаева Орынгүл

3. Орынғалиева Ырысгүл

4. Хадим Құралай

гр.Стр-17 к/о:

1. Асылхан Шыңғыс

2. Құлтай Мирас

3. Шинжирбек Саят

«Қоршаған орта және тіршілік қауіпсіздігі –  5B073100» мамандығы бойынша:

1. Құлынбай Елдар

2. Тынысова Мөлдір

3. Сиденова Лаура

Атап өту керек, «Құрылыс-16 қ/т» студенті Билан Нұргүл биыл үшінші рет қатарынан «KAZENERGY» грантын ұтып алған болса, Игібаева Орынгүл, Орынғалиева Ырысгүл, Хадим Құралай, Асылхан Шыңғыс, Құлынбай Елдар,Тынысова Мөлдір 2 рет қатарынан аталған грантты иеленуде.

Өткен оқу жылында барлық студенттердің үлгерімдері жоғары балды көрсетті (JPA 3,33-тен жоғары), олар университет пен кафедраның қоғамдық өміріне үнемі белсенді түрде қатысады.

Атап өтсек, Билан Нұргүл мен Шинжирбек Саят 2018-2019 жылдары кафедрада «Сәулет-1» пәнінен өткен олимпиададан 1-орынды иеленді. Екі студент те «Заңғар» жобасы аясында «BE Curriculum» компаниясының робототехника, бағдарламалау және 3D модельдеу секілді тегін курстарын толықтай сәтті аяқтап шығып, сертификатқа ие болды.  

Хадим Құралай «Президенттік мильден» 2-орынды иеленді.

Игібаева Орынгүл кафедраның басқа да студенттері қатарында 2019 жылы 25 ақпан күні Халықаралық білім беру корпорациясы базасында (Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы кампусы, Алматы қ., «DesignThinkingFest 2019» І Халықаралық фестивалі) өткен байқауда өз жұмысын (алқа) ұсынды және сертификатпен марапатталды.

Жеңімпаздарды алған марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Студенттерімізге сәттілік, шығармашылық табыстар және биік белестерді бағындырудан талмасын деп тілейміз!