Атырау мұнай және газ университетіндегі «Отбасы күні»

        ҚР Президенті Жарлығымен Отбасы күні мерекесі қыркүйек айының екінші жексенбісінде тойланатын болды. Оның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту. Осыған орай, 14 қыркүйек күні АтМГУ-нің Студенттер Сарайының алдында Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен  мерекелік концерт өтті.

    Студенттер ата-ана, отбасы құндылығы туралы әндерді шалқыта орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.