Ерліктен елдікке дейін....

Атырау өңірі бірнеше жыл қатарынан «Ерліктен елдікке дейін...» атты шеруді Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында 8-мамыр күні атап өтеді. Биыл да бұл шара өз жалғасын тауып, сонау 1941-1945ж.ж.сұрапыл соғыста қаза болған боздақтар есімін ұлығылауға қала халқы жиналды. Атырау мұнай және газ университетінің ұжымы да дәстүрлі шараға қатысты. Қаламыздағы Жеңіс саябағындағы «Мәңгілік алауға» жиналған жиында Атырау өңірінің жастары атынан АтМГУ студенті Анастасия Хлопцева (ОЗХТ-16 о/т студенті) сөз алып, шара маңыздылығына тоқталды және бүгінгі күнгі жас ұрпақтың атынан шексіз алғысын білдірді.