АтМГУ-де қонақта – «Иверия» ЭМБ

Қош келдіңіздер, достар!

Гамарджоба, друзья!

16 қараша өте ерекше күн болды, халықаралық толеранттылық күнінде Атырау мұнай және газ университеті «Иверия» Грузин этномәдени бірлестігі өкілдерін қарсы алды. Жылы таныстықтың алғашқы минуттарынан-ақ әсерлі әуен, озық үлгідегі әсем би, жарқын костюм және Иверияның жетекшісі Бобохидзе Зураб бастап тұрған қонақтардың көңіл жылулығымен отырған зал шаттанып, керемет әсерге бөленді.

Кездесуді жүргізуші студенттер шараға қатысушыларды грузин этносының тарихымен, мәдениетімен және жетістіктерімен таныстырды. Сондай-ақ аталған халықтың тілі мен жазба әдебиеті, кәсібі мен қолөнері, неке және отбасылық қарым-қатынасы, салт-дәстүрі мен мерекелік тұрмысы, тұрғын үй түрлері, өнері мен әдебиеті, сонымен бірге би және хор мәдениеті туралы әңгімеледі. Қонақтар залда отырған барлық студенттерге грузин ұлттық тағамы – хачапуриді ұсынды.

З.Г.Бобохидзе өз сөзін толеранттылық күнімен құттықтаудан бастады, ол қазіргі заманғы қазақстандықтардың мәдениетінде толеранттылықты нығайту мақсатында көп еңбектенген ата-бабаларымыздың байсалды, дана сөздерін көпшілікке бағыттады.

З.Г.Бобохидзенің шақыруы бойынша Атырау облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуына өзінің өмірлік күш-қуатын жұмсаған Асабаева Жаннат Вахитқызы және Иверия Төрағасының орынбасары  Бобохидзе Бадри Гедеванович қатысып, өздерінің жалынды сөздерін жеткізді.

Кездесуге жақында ғана АтМГУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының филалы ашылған Ә.Молдағұлова атындағы №22 мектеп оқушылары да қатысты. Бұл шара оқушылар үшін Атырау облысының ҚХА қызметіне араласуының алғашқы тәжірибесі болды.