Ескерткіш авторларымен кездесу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.02.2019 жылғы №64 қаулысымен Атырау мұнай және газ университетіне қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби мұнайшы-инженер,  еліміздегі мұнай индустриясын ұйымдастырушылардың бірі, КСРО Құрметті мұнайшысы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері Сафи Өтебаев есімі берілген болатын. Осыған байланысты университеттің базасында ел арасында «Мұнай Ата» атанған Сафи Өтебаевтың ескерткіші орнатылды. Ескерткіштің ашылу салтанаты 2019 жылдың 1 қыркүйек күні өткенінен баршамыз хабардармыз.

Осыған орай  2019 жылдың 26 қыркүйек күні мүсіннің авторлары  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, мүсінші Ескен Аманжолұлы Сергебаев және мүсінші Алтай Исатайұлы Бейсенов Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне арнайы келіп, өз қолдарынан шыққан туындысын тамашалады. Университеттің Басқарма төрағасы – ректор м.а. Ә.О.Көшеков алыстан ат арытып арнайы келген қонақтарға құрмет көрсетіп қарсылап алып, танысып, университеттің барша ұжымы атынан үлкен алғысын білдірді.