АтМГУ-де «Елсана» руханият клубының филиалы ашылды

2018 жылдың 5 сәуірінде Атырау мұнай және газ университетінде «Елсана» руханият клубы филиалының ресми ашылуы болды. Клубтың мақсаты – рухани құндылықтарды қастерлеу, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды, мәдениетімізді, ата-бабалар салған жолды дәріптеу. Шараға «Елсана» клубының мүшелері, АтМГУ профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. «Елсана» руханият клубының төрағасы Н.М. Ермұханов шара мақсатын түсіндіріп, клубтың қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, клуб мүшелерімен таныстырды. Клубтың жұмысшы тобының төрағасы Б.Ж. Таубаев клубтың алға қойған міндеттері мен жұмыстары туралы сөз қозғады. ҚР білім саласының құрметті ардагері Н.С. Сарсенова жастарды мәдени шараларға белсенді қатысуға және өзін-өзі дамытып, білімге ден қоюға шақырды. Шара барысында университет пен «Елсана» руханият клубының арасында меморандум қабылданды. Қызметкерлер мен студенттер клуб мүшелігіне қабылданып, куәліктер тапсырылды.