Сапалы білім – саналы ұрпақтың қолында

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» дейді Мұхтар Әуезов атамыз. Білім мен ғылымды меңгерген әрбір жас ұрпақ келешекте қандай қиындық болмасын еңсеріп, қашан да биіктен көрінері сөзсіз. Осыған сәйкес жастарды білім нәрімен сусындату, одан әрі жетілдіру мақсатында 2019 жылдың 30-31 наурыз күндері Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ұйымдастыруымен «APEC PetroTechnic» Жоғары колледжінде «АТЫРАУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ – 2019 ОЛИМПИАДАСЫ» өтті.

Олимпиаданың мақсаты – Тұңғыш Президентіміз жариялаған «Жастар жылы» аясында мұнайшы-студенттердің тәжірибе алмасып, бір-бірімен байланыстарын кеңейту және білім дағдыларын жақсарту. Сонымен қатар аталған сайыс кезінде қатысушылар болашақ мұнайшылар мен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ын таныстырды.

Аталған олимпиаданы Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті TCO, SHLUMBERGER, NCOC және т.б. мекемелердің қолдауымен 3 жыл бойына «APEC PetroTechnic» Жоғары колледжімен бірлесіп ұйымдастырып келеді.

Атырау халықаралық мұнай және газ олимпиадасына Атырау, Ақтөбе, Ақтау қалаларының, сондай-ақ Ресейдің Пермь, Тюмень, Омск және Мәскеу қалаларынан келген мұнай-газ саласында білім алушы студенттер қатысып, зертханалық жұмыстарды орындады, сонымен қатар брейн-рингке қатынасып, пікірталас алаңдарында өз ойларымен бөлісіп, үлкен тәжірибе жинақтады.

Екі күн ішінде өткен олимпиаданың бірінші күні қатысушылар мұнай-газ жабдықтарының процестеріне техникалық талдау жасап, зертханалық жұмыстарды орындады. Сонымен бірге TCO, NCOC мекемелерінің өкілдерімен кездесу кезінде өз ойларындағы сұрақтарымен, пікірлерімен бөліссе, екінші күні өткен сайыста техникалық процесс бойынша бұрғылау жұмыстарын жүргізіп, сол бойынша әр топ студенттері өз нәтижелерін жеке-жеке қорғаған болатын. Сондай-ақ соңғы күні өткен олимпиадада SPE Атырау секциясының берілген міндеттері бойынша қатынасушылар арнайы берілген тапсырмаларды орындап, сол бойынша презентацияларын қорғады. Шектеулі уақыт аралығында толық жауап берген студенттер тобы жоғары нәтижелерге жетті. Атап өтсек:

І орын – «1-топ»

Топ студенттері: Жеңісов Аслан (АтМГУ)

Асанова Айна (APEC)

Сапашев Диас (APEC)

Пешкова Юлия (Пермь)

Аманмырзаев Ермек (Ақтау)

ІІ орын – «5-топ»

Топ студенттері: Жұмағазиев Аманбек (АтМГУ)

Заулекенова Венера (APEC)

Степанов Иван (Пермь)

Сакипжан Елдос (Ақтау)

Елеубаева Айша (АтМГУ)

ІІІ орын – «4-топ»

Топ студенттері: Сарсенбаева Анеля (Ақтау)

Жақсылық Назерке (Ақтөбе)

Қадыр Арсен (АтМГУ)

Бошковский Артур (Тюмень)

Тлекбай Наурыз (APEC)

Олимпиада кезінде жоғарыда аталған студенттер TCO және NCOC компанияларында іс-тәжірибеден өту мүмкіндіктерін алды.