Тұңғыш президент күніне орай

1 желтоқсан 2018 жылы тұңғыш президенті күніне орай, Атырау мұнай және газ университетінде «Дене шынықтыру және спорт кафедрасы» мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен велошеру акциясы өтті. 20 шақырымдық қашықтыққа университет кампусынан бастау алған спортшылар қаламыздың Балықшы кентіне дейінгі қашықтықты бағындырды. Шараның өтуіне басшылық жүргізген Асқар Қазиевтің «Вело-жүгіру» клубының мүшелері.

Сайысқа белсенді қатысқан және мәре сызығына дейін келген студенттер:

1.Амренов Санат – АжБ-18 қ/т;

2. Садуақас Нұрғазы – МГІ-17-2 қ/т;

3. Әшім Сейтжан – МГІ-17-2 қ/т;

4. Абылаев Нұрсұлтан – МГІ-18 қ/т.

Сонымен бірге кафедра меңгерушісі Е.К.Төлегенов пен кафедра профессоры А.Қ.Қазиев вело-жүгіру сайысының жеңімпаздарын АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор А.А.Абишевтің алғыс хатымен және кәсіподақ ұйымы бөлген қаржылай сыйлықпен марапаттады.