Қазақстан Республикасының Конституциясы-қоғамның тұрақты дамуының және азаматтардың заңды құқықтық кепілі

Атырау мұнай және газ университетінде 29.08.18ж. ҚР Конституциясы күніне арналған «Қазақстан Республикасының конституциясы-қоғамның тұрақты дамуының және азаматтардың заңды құқықтық кепілі» тақырыбында  Атырау облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі мекеме өкілдері және АтМГУ ПОҚ мен қызметкерлері, студенттері қатысқан дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының басшысы Қаражанов Жәнібек Жұмабайұлы, Атырау қалалық сотының судиясы Қаршыға Айгерім Алшериевна сөз алып, бүгінгі зайырлы мемлекетте Конституция, яғни Ата Заңымыздың атқарып отырған рөлі туралы қысқаша баяндап өтті және дөңгелек үстелге қатысушыларды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен бірге дөңгелек үстел жұмысында сөз алған «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Болат Сырымұлы Нығметов,  АтМГУ 3 курс студенті Хлопцева Анастасия 23 жыл бұрын қабылданған еліміздің Ата Заңы біздің биік мұратымыз – тәуелсіз, экономикалық дамыған, әлем қауымдастығына етене кіріккен, азаматтарының әл-ауқатты өмір сүруі қамтамасыз етілген мемлекет құру жолындағы аяқ алысымызды реттейтін түбегейлі құжат болғандығын атап өтті.

Еркін форматта өткен дөңгелек үстел барысында АтМГУ ПОҚ мен студенттері келген қонаққа тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, оған ойға қонымды, толыққанды жауаптарын алды.