Техникалық білім берудегі білімді анықтау

11 сәуірде АтМГУ-де «Тәлімгерлік» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Техникалық білім берудегі білімді анықтау» тақырыбында тәжірибелік сабақ өтті. Тәжірибелік сабақты «Электроэнергетика» кафедрасының меңгеруші В.А. Яшков жүргізді. Сабақ барысында кафедра оқытушысы А.С. Сейдалинова өзінің сабақ беру әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

«Тәлімгерлік» бағдарламасы – техникалық базалық мамандық аясында арнайы педагогикалық дайындығы жоқ жас маманның жеке қабілеттерін ескере отырып, қызметінің педагогикалық қырларын жетілдіру болып табылады.